Қазақ эстрадасының танымал өкілі Жазира Байырбекова келініне қатысты өз ұстанымдары мен талаптарын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, келін отбасылық дәстүрлерді сақтауы тиіс. Атап айтқанда, орамал тағу мен үлкендерге сәлем салу – маңызды шарттардың бірі. Ол бұл талаптарды қазақы тәрбие мен салт-дәстүрдің жалғасы ретінде түсіндіреді.
«Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады дедім. Біз де, олар да қыдырмпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, үш тіл біледі, одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуінің кәсіптерін істесін деймін», – деді әнші.
Әнші келіннің ең басты міндеті – отбасы бірлігін сақтап, үлкендерге құрмет көрсету екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі заман мен дәстүрдің үйлесім табуы қажет екенін де айтты.