Германиядағы Grenke Chess Festival турнирінде әлемнің 16-чемпионы Магнус Карлсен мен 18 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман арасында қызықты оқиға болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ойын басталар алдында Алуа қарсыласынан бірге селфи түсіруді сұраған. Карлсен келісімін бергенімен, кейін төрешілерге шағымданып, қыздың телефонын алып қоюды талап еткен.
Нұрман бұл сәттің суреті мен видеосын Instagram парақшасына жариялап, «Магнус — сол баяғы Магнус» деп жазды. Кездесу нәтижесінде жеңіс Карлсенге бұйырды.
Айта кетейік, Алуа Нұрман — FIDE рейтингі бойынша 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында көшбасшы. Ол блицтен Азия чемпионы және 2024 жылғы әйелдер арасындағы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері.