Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда екі айлық сәби ауруханада көз жұмды

Ақтауда екі айлық сәби ауруханада көз жұмды
Ашық дереккөзден

Баланың қазасы туралы хабар 4 сәуірде сағат 11:00-де Ақтау қаласындағы бір медициналық мекемеден түскен, деп хабарлайды kznews.kz.

"Бастапқы тексеру кезінде баланың денесінде зорлық белгілері анықталмаған. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін кешенді тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", мәлімдеді Ақтау полициясы.

Сондай-ақ тексеру барысында баланың әкесі бұған дейін құқық қорғау органдарының назарында болғаны белгілі болды. Учаскелік полиция қызметі отбасыны жүйелі түрде бақылап келген.

Баланың әкесі бір жыл ішінде төрт рет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қорғаушы ұйғарымы берілген.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.