Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Уәлибек Әбдірайымов Тұрсынбек Қабатовқа әзілмен астарлап ренішін жеткізді

Уәлибек Әбдірайымов Тұрсынбек Қабатовқа әзілмен астарлап ренішін жеткізді
Фото: "Хабар" арнасы

«Шаншар» театрының бас директоры Уәлибек Әбдірайымов кезекті концертінде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы қалжыңдап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сахнада ол Қабатовтың концертке не себепті келмегенін әзілмен жеткізіп, оны «іздеп жүргендерін» айтты. Әзіл барысында оның жоғалып кеткенін астарлап жеткізіп, көрерменді күлкіге қарық қылды.

Сонымен қатар, Әбдірайымов әзілкешті қай жерден іздеуге болатынын білетінін, бірақ қазіргі жағдайда оның қажеті жоқ екенін де қалжыңға қосты. Ол тіпті Қабатовты өз жұбайы таба алмай жүргенде, өзі қалай табатынын білмейтінін айтып, сөзін әзілмен түйіндеді.

Басына ота жасатқан. Іздейтін жерді іздейін десем, ол жақты іздеудің керегі жоқ екен.  Содан екі күннен бері жоқ адамды табу мүмкін емесін айтқымыз келеді. Тұрсынбекті өз әйелі таппай отырғанда, мен қайдан табайын?

Өмірде тірі болатын болса...білмеймін енді қайдан табарымызды. Бүгін сөйтіп концертке келмеді, - дейді Уәлибек Әбдірайымов. 

Осылайша, өнер иесі әріптесіне қатысты жағдайды әзілге айналдырып, концертті әсерлі өткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.