Қарағандылықтар «Дарын» сыйлығын иеленді |
Оқылды:
15
Сейсенбі күні елге сүйіншілеген хабар жетті. «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді.
Жастар арасында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырып, ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі шаралардың басы-қасында жүретін белсенді азамат «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар, жерлесіміз, қазақстандық эстрада әншісі Қуандық Рахым да эстрада бағыты бойынша сыйлықты иеленді.
«Дарын» сыйлығы түрлі салаларда ел жастары арасында ерекше көзге түсіп, мерейлі жетістікке жеткендерге тағайындалатыны белгілі. Сыйлық 10 аталым бойынша тапсырылып келеді.
Аталмыш марапат – мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға сүбелі үлес қосып жүрген жалынды жасқа – лайықты баға.
Құтты болсын!
Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»