Алматыда құсбегіліктен Азия чемпионаты өтті
Алматыда құсбегіліктен II ашық Азия чемпионаты өтті. Жарысқа тоғыз мемлекеттен сексеннен астам құсбегі қатысып, үш күн бойы құстарын қолға қондырып, қоян мен түлкіге түсіріп бақ сынады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Бүркітшілер арасында бірінші орынды Қырғызстанның Нарын облысынан келген Аман Исмаилов есімді азамат иеленді. Ал, үздік бестікті Словакиядан келген Ярослав Канат түйіндеді. Қаршыға баптаған құсбегілер ішінен Жамбыл облысынан шыққан Берікболсын Бабажан есімді спортшының мерейі үстем болды. Ал, ителгі салу бойынша Қырғызстаннан келген Туголбай Абдукадыров мықты атанды. Құсбегілер сайысының жалпы есебі төмендегідей:
Бүркіт:
1 орын – Исмаилов Аман (Қырғызстан, Нарын облысы)
2 орын – Тастанбек Байрақ (Қазақстан, Ақмола облысы)
3 орын – Құрманғалиев Ақберен (Қазақстан, Алматы қаласы)
4 орын – Нұман Өмірбек (Қазақстан, ШҚО)
5 орын – Канат Ярослав (Словакия)
Қаршыға:
1 орын – Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын – Махмудхан Заки (Түркістан облысы)
3 орын – Сейітжан Бексұлтан (Алматы облысы)
4 орын – Кубатов Абдырасыл (Қырғызстан)
5 орын – Абдулкаримұлы Сармат (Алматы облысы)
Ителгі:
1 орын – Абдукадыров Туголбай (Қырғызстан)
2 орын – Абулов Руслан (Алматы қаласы)
3 орын – Үсен Айбар (Жамбыл облысы)
4 орын – Жумалиев Уран (Қырғызстан)
5 орын – Шалипов Медет (Алматы облысы)
Сайыс барысында дайындалған «Құсбегі бейнесі» топтамасына назар салыңыздар: