Трамп алкоголизмге қарсы күреске айлығын аударды
Астана. 28 қаңтар. KAZISLAM – АҚШ президенті Дональд Трамп алкогольге тәуелділікке қарсы күрес бойынша ұлттық бағдарламаны іске асыруға өз еңбекақысының бір бөлігін аударды, деп хабарлайды Islam-today.
Ақүй басшысы алкоголизмге қарсы күреске 100 мың доллар берген. «Дональд Трампт Алкогольді шектен тыс пайдалану және алкоголизмді зерттеу ұлттық институтына және Ұлттық денсаулық институты мекемесіне $100 доллар қаражат аударды» делінген Ақүй хабарламасында.
Айта кету керек, АҚШ президентінің үлкен ағасы Фред Трамп 1981 жылы алкоголизмнен көз жұмған еді. Ал Ақүй басшысы дәл осы себептен алкогольді ішімдікті татып алмайтынын айтқан.
Дереккөз: http://kazislam.kz/