АҚШ әскері Ауғанстанда қалады

0

Астана. 5 қаңтар. KAZISLAM – АҚШ президенті Дональд Трамп әзірге Ауғанстан территориясынан әскерін шығару туралы бұйрық берген жоқ. Бұл туралы Ақүй өкілі Гаррет Маркис мәлімдеді, деп жазады Bloomberg.

«Президент Ауғанстанда Құрама штат әскерінің болуын тоқтату және шығару туралы Пентагонға бұйрық берген жоқ» дейді өкіл.

Маркис Америка президентінің Ауғанстаннан әскерін шығару жоспары туралы хабарламаны терістеді. Кейбір мәліметтерде Пентагон 7 мың әскериді үйлеріне қайтаруды жоспарлайтыны туралы деректер жарияланған еді. 21 желтоқсанда америкалық әскер Ауғанстан территориясын бірнеше апта ішінде тастап шығатыны туралы хабарланған. Ал Д.Трамп бұл мәселе бойынша әлі нақты шешім қабылдамады, дейді ресми Ақүй.








Дереккөз: http://kazislam.kz/