ка

2019 жыл – «Ислам мәдени мұралары жылы»

09.01.2019 13:36
0
2

Астана. 9 қаңтар. KAZISLAM – Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) 2019 жылды «Ислам мәдени мұралары жылы» деп жариялады. Бұл туралы Мәдениет министрлерінің ислам конференциясында шешім қабылданған, деп хабарлайды Islamic Republic News Agency.

ИСЕСКО мәлімдемесінде осы маңызды оқиғаны жоспарлы түрде өткізу үшін мүше-мемлекеттерді барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Осы жылдың аясында ислам әлемінің тарихи және археологиялық ескерткіштерін, архитектуралық құрылымдар, көркем сурет туындыларын, қолжазбаларды және тағы да басқа ислам мәдени мұраларын танытуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, ИСЕСКО үлкен көлемдегі материалдық және материалдық емес мұраларды Әлемдік мұралардың ислам әлемінің мәдени мұралары тізіміне енгізуді ұсынады.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий