Макияжды қалай дұрыс жасау керек

0

Косметика индустриясында күн сайын тәжірибесіз пайдаланушыны әбден шатастыратын, әртүрлі мақсаттарда қолданылатын құралдар пайда болуда. Соған байланысты Stan.kz ақпараттық агенттігі макияждың негізгі ережелерін жинақтап, бетті әрлейтін құралдарды қандай жағдайда қолдану керектігі жайлы мәлімет ұсынады.

 

1. Кезектілікті сақтау керек

Макияж жасаудың классикалық ережесі беттің өңін жақсартып, тегістеуден басталады. Бірақ мұнда бір ережені ұмытпаған жөн. Егер негізгі акцент белсенді, әрі жарқын smokey eyes болса, көптеген бет әрлеушілер макияжды көзді бояудан бастайды. Осындай кезектілік кезінде бетке себілген далаптарға да алаңдамайсаңыз болады. Оның үстіне айтарлықтай жақсы шықпаған сызықтар консилермен оңай түзеледі.

Макияжды қалай дұрыс жасау керек

2. Ылғалдандыру

Барлық ережелер бойынша макияж тек ылғалды теріге ғана жасалады. Егер сіз бетіңізді боянғанға дейін бірнеше сағат бұрын жуған болсаңыз, онда бетіңізге ылғалдандыратын спрей шашыңыз немесе жеңіл крем жағыңыз. Өйткені, опа-далап құрғақ теріге нашар жағылады. Дегенмен, макияждың астына жағатын ылғалдандыратын база да теріні макияжға жақсы дайындайды. Сонымен қатар, база тоналды құралды бетте ұзақ ұстап және оның жақсы тұруына көмектеседі.

Палетка для создания smokey eyes

3. Консилерді дұрыс таңдау керек

Егер базаны және тоналды кремді қолданғаннан кейін бетте безеулер мен тегіс емес жерлер қалып қойса, оларды артынан консилермен мұқият тегістеп алуға болады. Егер көздің астында қара дақтар болса, онда мұнда да консилер көмектеседі. Бірақ, ол дәл көздің астына арналған, дерматологиялық бақылаудан өткен арнайы консилер болуы керек.

Палетка для создания smokey eyes

4. Бетті мүсіндеп, қырлаудан қорықпаңыз

Тоналды құралды жаққаннан кейін бетке айқынырақ форма беретін, бетті мүсіндеуге кезек келеді. Далап (румяна), бетті мүсіндейтін ұнтақтар мен хайлайтер беттің пішінін көрнекі түрде өзгерте алады. Олар бет пішінінің рельефтерін түзеп, әжімдерді жасырып, балғындық беру үшін беттің нақты бөлшектерін айқындап, жарқыратады. Хайлайтер шығыңқы бөліктерге яғни, жақ сүйектің жоғарғы жағына, мұрын қырының үстіңгі бөлігіне, қастың астыңғы аймағына, еріннің үстінгі ойығына жағылса, далап (румяна) беттің алмасына жағылады. Сондай-ақ мүсіндеу ұнтақтарын және далапты жақ сүйектің асындағы шұңқырға және беттің жалпы сұлбасына жағады.

Палетка для создания smokey eyes

5. Макияж кезінде опа пайдаланған жөн

Консилер мен тоналды құрал бетте ұзақ тұрсын десеңіз, олардың үстінен жұқа қабат қылып опа жағыңыз. Дұрысы, сыртта да қолдануға болатын, үгітілген ұнтақ түріндегі опа болу керек. Ал кремді румяна мен хайлайтерді опадан бұрын тоналды құралға, ал опаны ең соңында, солардың үстінен жағады.

Палетка для создания smokey eyes

6. Көзді ережеге сай емес, қалай бояғыңыз келеді, солай бояңыз

Қабақты бояудың классикалық ережесі мынадай: ашық түсті далапты (тень) көздің ішкі қырына  және қастың астына жағады. Сондай-ақ, ашық пен қою түстердің ортасындағы орташа реңкті далаптар қозғалмалы қабаққа, ал қара далап қозғалмалы қабақтың сыртқы бөлігіне және қатпарына жағылады. Шын мәнінде, көзді көптеген әдістермен бояуға болады. Бірақ, көздің ішкі қабатын ашық түспен және қабақтың қатпарын қарамен бояса көз шынымен де, ерекше әдемі болып көрінеді. Сондай-ақ, егер сіз қабақтың макияжына арналған праймерді қолдансаңыз, кез-келген далап көзде ұзақ тұрады және әдемі көрінеді. Бірақ, көптеген адамдар бұл қарапайым, бірақ өте жақсы құралға аса мән бермей, қолданғылары келмейді.

Макияжды қалай дұрыс жасау керек

7. Көзді бояуда сызықтар сызу керек

Егер қабақтың шетін аздап сызғыңыз келсе, онда қарындашты далаптың астына жағып және қылауышпен дұрыстап бояуға болады. Ал егер сіз сызық сызғыңыз келсе, онда оны далаптың үстінен сызу керек. Көзді бояп болған соң, соңында кірпіктерді кірпік қайырғышпен қайырып, бояңыз.

Макияжды қалай дұрыс жасау керек

8. Ерінді бояуда өз әдісіңізді таңдаңыз

Ерінді әдетте, ең соңында бояйды. Бірақ, егер сіз макияж жасауда негізгі екпінді ерінге түсіргіңіз келсе, онда оның түсін тоналды құралдарды қолданғаннан кейін таңдау керек. Себебі, ерін далабын румянаға сәйкестендіріп таңдайды. Егер, сіз ерін сызығының айқын болғанын қаласаңыз, қарындаш мен қылауыш қолдануға болады. Олардың түсі де ерін далабының түсіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Қазіргі кезде сәнге айналған жеңіл контур таяқшаны әдеттегідей қолдану арқылы оңай жағылады. Ал, егер ерін далабын таңдауға көңіл күйіңіз болмаса, ерін жылтыратқышын қолдансаңыз болады.

Макияжды қалай дұрыс жасау керек

 

Источник: Stan.kz