Сақтар тарауын қайталау

0









Сақтар тарауын қайталау

Автор: Магзиева Гулзат Кабдешовна

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Барлық тарих пәні мұғалімдеріне




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сақтар Мектеп: «Б.Майлин мектеп бала-бақша кешені» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мағзиева Гулзат Кабдешовна
Сынып: 6 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Төртінші тарауды қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы маңызын түсінеді..Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Оқушылар сақ парсы қарым қатынасын дереккөздер арқылы анықтайды, контур картадан парсылардың сақтарға жасаған жорық бағыттарын анықтайды.Кейбір оқушылар орындай алады:Парсылардың сақтарға жасаған жорығы мен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығының не себепті іске аспағандығын біледі.
Тілдік мақсаттар Оқушылар. Сақтардың халықаралық сахнадағы орнын ашады.Пәнге қатысты лексика мен терминология: Бехустун жазбасы,грек тарихшысы Полиен, Жерорта теңізі, Египет,
Талқылауға арналған тармақтар: Дарий жаздырған Бехустун жазбасы мен Полиэн дерегінің қайсысы шындыққа жақын деп ойлайсыз.Жазылуға арналған ұсынылым:Парсы патшалығы бұл-
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» бағытында тәрбиелейді.
Пәнаралық байланыс География ,дүниежүзі тарихы.
Алдыңғы білім Мемлекеттің сыртқы саясаты туралы түсінігі бар,соның негізінде ерте көшпелі тайпалардың халықаралық маңызын біледі.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы:3-мин,

2мин

5 мин

Ынтымақтасық атмосферасын қалыптастыру «Наполеон әдісі» арқылы көңіл күйлерін білу. Нұсқаулық: Қатысушылар шеңберде тұрып, мұғалім шапалақтағанда 3 түрде қолдарын қоюға болады: 1.Қолдары кеудеде қайшы түрінде. 2.Жұдырықтарын түйіп. 3. Қолын созып жайып. Қолын кеудесіне қойғандар шаршап тұрмын. Жұдырығын түйіп тұрғандар кейін жасаймын. Қолын созып тұрған мен дайынмын дегені.Топқа бөлу: Герадот, Ктесий, Помпей Трог,ПолиэнШырақ,Томирис, Схунха,Спитамен«Эвристикалық әңгіме» «Ұлы дала дүбірі» Сақ тайпалары бейнеталдауКіру парағы . Жеке жұмыс.Тест сынағы.1.Сақ әйелдері туралы «ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп баяндайтын қай автор?а) Геродотв) Страбон с) Ктесий2. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?а) Сақтар в) Массагеттер с) Азиялық скифтер3. Сақтар көбінесе қандай үйде тұрды?а) ағаш в) киіз с) кірпіш4. Абыздардың ерекше белгілері қандай болды?а) қылыш пен найза в) айбалтас) тостаған мен айырықша бас киім5. Сақ жауынгерлерінің үнді-иран тіліндегі атауыа) арбада тұрғандарв) сегізаяқтыларс) найза мен садақ ұстағандарТест жауаптары:1. С 2. В 3. В 4. С 5. А ҚБ Өзін-өзі бағалау балл бойынша

Бейне-көрсетілім

Тест

Сабақтың ортасы 6 мин

6 мин

Топтық жұмыс.1-топ Тақырыптың басты идеясы бойынша «Сәйкесін тап» тірек-сызбаны толтырып, боя.

2-топ «Эйкель» диаграммасы .

Шырақ, Томирис,Спитаменнің ерлігін салыстыруҚББ Екі жұлдыз,бір ұсынысСен білесің бе?Жұптық жұмыс 1-жұп Сұрақ-жауап1Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған ? Ж: Массагет деп атаған. 2.Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?Ж: Абыздар3. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды қалай атаған?Ж. Парадарайя4. Шошақ бөрік киетін сақтарды қалай атаған?Ж. Тиграхауда сақтары деп атаған2-жұпСебебін анықта. 1. Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру неліктен маңызды болды?Ж: Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі. 2. Адамзат тарихында темір дәуірі неліктен ерекше маңызды орын алады?Ж. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлде қайда өткір, төзімді болып келеді. 3. Не үшін Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Ж. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 4. Грек-македон әскерлерінің жеңілу себебі неде? Ж. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасының мықтылығында 3-жұпПТМС-формула*Позиция____Спитамен –ержүрек қолбасшы.деп санаймыз.*Түсіндіру (себебі….)ол македон әскеріне қарсы 3 жыл бойы жасырын соғыс жүргізді.*Мысал (біз мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламыз… ) Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға шабуыл жасағанын айтады. *Салдар немесе нәтиже (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймыз..) Спитамен грек әскерін талқандаушы.4-жұп Картамен жұмыс ҚББ Әңгімелесуші серіктестерНе оңай болды? Не қиын болды? Нені толықтыру керек?

кесте

ДиаграммаСтикер

Сабақтың соңы Шығу парағы жеке жұмысАдасқан әріптер ойыны. 1.Аділет ОПЕМПЙ ТОГР– Помпей Трог ( Рим тарихшысы) ОТЕМРСИ — Томирис (Сақ патшайымы) САРПГИСИП- Спаргапис – Томиристың ұлы ОПИЛЭН- Полиэн – грек тарихшысы 2.Мейіржан. АМДКОЕНКСИЙ — . Македонский — ұлы грек қолбасшысы ЫШАРҚ — Шырак — сақ жаунгері АДИРЙ .І — 1 Дарий – парсы патшасы ПСТИАНЕМ — Спитамен – сақ жауынгері 3.Жанбота .Тәуелсіздік баға жетпес –байлығым.ойтолғау 4.Сабыр. Кімнің сөзі ( кеспе қағазы) 1. Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді деп жазған тарихшы кім? (Геродот) 2. «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді » кімнің сөзі. (Страбон) 3. «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп кім жазды. ( Помпей Трог) 4. «Спитеменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды» деп жазған кім. ( грек тарихшысы Арриан) 5.Жалғас. Кестемен жҰмыс. Сақ топтары 6 . Талшын Сақтар топтастыру7.Гүлім Графикалық диктант. (иә, жоқ)1.Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан жоқ2. Көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйлерді түйелер мен жылқыларға артқан иә3.Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер тұрғызған иә4. Темір еңбек құралдарын жасау және қолдану кезеңі қола дәуірі деген атау алды жоқ5. Темір табиғатта үнемі таза күйінде кездеседі иә8.Адемі. Сөзжұмбақты шеш.1. Сақ патшайымдарының бірі.2.Өз отанының тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен сақ бақташысы.3. Сақ жеріне б.з.б.530 жылы басып кірген парсы патшасы.4.Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақтың есімі.5. Ежелгі грек тарихшысы, «Тарихтың атасы »ҚББ плюс,минус, керемет Кері байланыс: «Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек?3-бөлік-маған ұнады, бірақ келесі жолы …

Үйге тапсырма:

Қима қағаздар

Ноутбук

Кесте сөзжұмбак

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Барлық оқушылар орындай алады:Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы маңызын түсініп айта алады.Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Оқушылар сақ парсы қарым қатынасын дереккөздер арқылы анықтайды, контур картадан парсылардың сақтарға жасаған жорық бағыттарын көрсетеді.Кейбір оқушылар орындай алады:Парсылардың сақтарға жасаған жорығы мен Александр Македонскийдің сақтарға жасаған жорығын салыстыра алады.Оқушыларға жекелей, топтық жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», сабақ соңында қалыптастырушы бағалау парағына «деңгейлік тапсырмалар» беру арқылы «тапсырма» «бағалау» тәсілдерін қолдану жоспарланды. Визуал оқушыларға қажеттіліктерін суреттер, бейнеролик көрсетемін. Барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз етемін. Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Элактивті тест, смайликтер, , мадақтау сэндвичі. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауДенсаулық Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.
Сабақ бойынша рефлексия







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.