Реферат: Экономика | Мемлекеттік қарыз » ZHARAR

0

Мемлекеттік бюджет- қоғамдық қажеттіліктерді қаннағаттандыру мен ұдайы өндірісте кеңейту мақсатында мемелекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын пайдалану, құру арқылы қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесінде туындайтын мемлекетпен қоғамдық өндіріске қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастар.
Кірістер шығындардан жоғары болатын қаржылық құбылыс артықшылық (профицит) ,ал шығыстардың кірістерден жоғары болуы, бұл қаржылық құбылыс тапшылық (дефицит) деп аталады.
Мемлкеттік бюджет тапшылығы — күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бюджеттік тапшылық түрлі шаруашылық рынок салаларында ұдайы өндіріс дисбалансын тудырып, көптеген елдердің экономикалық дамуындағы үшкір мәселелердің бірі болып отырады. Себебі Бюджет тапшылығы меплекеттік қарызды, ал ол бюджет тапшылығын тудырады, яғни циклдық бюджет тапшылығы пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тепе-теңдік жағдайын қамтамасыз етуіміз өте маңызды болып келеді. Өйткені Ұлттық экономиканың тірегі- мемлекеттік бюджет.
Қазақстанда 90 ж. басында негізгі мәселелердің бірі бюджет тапшылығы болды. Бұл жағдай тапшылықты қаржыландырудың жаңа көздерін құруға мәжбүр болды. Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі және ұтымдысы мемлекеттік қарыз арқылы қаржыландыру болып келетіні сөзсіз.
Мемлекеттік қарыз- шығарылып, өтелмеген мемлекеттік заемдар соммасы мен есептелген пайыз қойылымы. Өтелмеген мемлекеттік заемдар белгілі бір мерзімге дейін пайызбен қоса қайтарылуы тиіс.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз бен бюджеттік тапшылық себептерін анықтаумен қоса, мемлекеттік қарызды тиімді, әрі ұтымды басқару арқылы бюджеттік тапшылықты төмендеуіне әсер ете алатын факторлар мен басқару стратегиясының маңыздылығын көрсету. Бірақ бюджеттік тапшылық пайда болған сәтте, ұлттық экономиканың барлық салаларына тарап, әсері глобальді түрде көрінеді. Тапшылықпен қарыздың себептерін анықтағанымен, оларды тез арада төмендету мүмкін емес. Өйткені бұл құбылыстар циклдық сипатта. Бюджеттік құрылымдық элеметтердің түпкі негіздерін зерттеу, мемлекеттік қарызды басқару стратегиялары бюджеттік тапшылықты төмендетуге жағдай жасайды. Әрине, мемлекеттік қарызды және бюджет тапшылығын басқару стратегияларын құру кезінде Қазақстанның экономикалық ерекшеліктерін ескеру тиіс. Бұл курстық жұмыс барысында Қазақстанның бюджеттік мәселелерін шешуге бірнеше шараларды қарстырып, ең тиімдісін таңдау және нарықтық экономика заңдарына сай ұтымды әдістерді зерттеу мәселелері айқындалады.

1. Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы.
Мемлекеттік қарыз- мемлекеттік заемның шығарылып, өтелмеген сомасы (пайыздық қойылымын қоса). Орналастырылуына, заем валютасына және басқа сипаттамаларына қарай ол ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз деп бөлінеді.
Мемлекеттік қарыз мемлкеттік заемдарды ұлғаймалы ұдайы өндіріс және қоғамдық қажеттерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тартудың бір формасы ретінде қолданылады. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен өтейді.
Мемлекеттік қарызды өтеу мерзімі жеткен қарыз міндеттемелерін процентімен қоса төлеу үшін жыл сайын шығыстар бөлуді талап етеді. Олар мемлекеттік қарызды басқару шығысы деп аталады. Мысалы, экономиканың ІІ перриодтағы жағдайын қарастырайық. І периодта мемлекеттің табысы Т1, шығысы G1, ал ІІ периодта табысы Т2, шығысы G2. Яғни бюждет тапшылығы- шығыстармен табыс айырымы:
D=G1-T1
Мемлекеттің бұл тапшылықты облигациялар сату арқылы толтырады делік. ІІ периодта мемлекет өз қажеттіліктерін өтеу үшін және алған қарызын пайызбен қоса өтеу үшін енді қосымша қаражат табу керек. Яғни T2=(1+r)D+G2;
r-пайыз қойылымы; D=G1-T1 болғандықтан
T2=(1+r)(G1-T1)+G2 (!) – бұл әр периодтағы мемлекеттік сатып алу шығындары мен табыс арасындағы байланысты көреміз.
(!)- теңдеуді түрлендірсек:
T1+(T2/(1+r))=G1+(G2/(1+r)) — бюджетті басқару шығысы.
Яғни мемлекеттік сатып алу шығыстары ағымдағы түсімдерге тең.
Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Ішкі мемлекеттік қарыз экономикада қалыпты құбылыс. Дамыған елдердің өздерінде ішкі қарыз болады. Алайда, қарыздың бұл түрінің құрылу ерекшеліктері әр түрлі. Дамыған елдерде мемлекеттік қарыз бен оны туғызған мемлекеттік бюджет тапшылығын экономикалық циклға енген экономиканы тұрақтандыру және дамыту факторлары. Халықтан, банктерден, басқа да қаржы несие мекемелермен қарызға алынған қаражат аталған қарыз берушілердің активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік қарыз халықтың өзіне өзі берен қарызы деп саналады, сондықтан Ұлттық байлықтың жалпы көлеміне әсер етпейді. Ішкі қарыздың оны басқару жөніндегі пайыздық төлеу қажеттігі сияқтытеріс әсерін елдің экономикасын дамытуға бөлінген инвестицмялар мн қосымша қаржы ресурстарын жұмылдыру жауып кетеді.
Қазақстанның тәжірибесінде бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды қаржыландыру әдістері және зардаптары бойынша айырмашылық бар.
Мемлекеттік қарыз төрттен үш бөлігі мемлекеттік банктің ақша эмиссиясы түрінде несиелері. Бюджет тапшылығын жабу үшін ақша шығару инфляцияны тереңдетіп, дағдарыс процестерін туындатады. Республикалық бюджет тапшылығын жабу соммасы 40%ады.
Сыртқы мемлекеттік қарыз- елдің шетелдік несие берушілерге белгіленген мерзімді қайтарылуы тиіс қаржы міндеттемесінің соммасы. Сыртқы қарыз шектен тыс көбеюі экономикалық, саяси тәуілділікке апарып соғады. Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттік қарыз көлемін салыстыру үшін қарыздық табыс коэффициенті деп аталатын арнайы көрсеткіш қолданылады. Қауіпсіздік деңгейдің шегі- 25% деп есептеледі.
Шетелдік несие, инвестиция, технологияларды шикізат салаларында, ауыл шаруашылығында, халық тұтынатын тауарлар өндіруге тартпай экономиканы көтеру мүмкін емес. Бірақ шетелдік қаржы мен валюта ресурстарын тарту оларды ұтымды пайдаланып, тиімді қайтарым болуын талап етеді. Негізгі қарыз бен пайыздық төлеу нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдерге жіберуге мәжбүр етеді. Сыртқы қарыздың, едәуір ұлғаюы ұлттық валюта курсының күрт төмендеуі, экспорт пен импорт салмағының өзгеру сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызады.
Соңғы онжылдықта дамушы елдердің қарызы жоғары қарқынмен өсті, 1990 ж. Ол 126,5 млрд.долларға жетті. Қазір ең ірі қарыз ел- АҚШ американ банкілеріне ірі шет ел капиталының ағылуын қамтамассыз етеді. Бұл капиталдың едәуір бөлігі федералдық үкіметтің бағалы қағазына айналып, бюджет тапшылығын қаржыландыруына жұмсалады. АҚШ сыртқы экономика жағдайы өзгерді: 80 ж. 540 млрд. доллар болса, 90ж. 1 трлн.долларға жетті.
Мемлекеттік қарыздарын өтеу үшін заемдарды нақтылау әдісі қолданылады:
1. заемдардың табыстылығы пайыз қойылымын төмендету- конверсия;
2. мерзіміне байланысты- консолидация;
3. бірнеше заемдарды бір заемға біріктіру- унификация;
Сонымен мемлекеттік қарыз проблемасы ақша айналысының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процесстермен тікелей байланысты.
Мамандардың пікірінше, мемлекет болашақта орта және ұзақ мерзімдегі келешекте қарызды қайта қарастыру немесе төлемдерден босату, мерзімі өткен төлемдер сомаларын ұлғайтпай өз сыртқы міндеттемелеріне толық орындай алатын болса, мемлекеттің сыртқы позицияларын тұрақты деп есептеуге болады. Төменде қарыз бойынша төлем қабілеттілігінің өзекті көрсеткіштері келтірілген:
• Борышты өтеудің бекітілген кестесінің тауар мен қызмет көрсету экспортына қатынасы.
• Сыртқы қаржыландыру тапшылығы- қайтарымсыз түрдегі төлемдер, қарыздары тарту мен кез келген күтілген коммерциялық капитал ағымдарын есептеуден кейін болатын шама;
• Борыштың таза ағымдағы құнының (NPV) экспортқа қатысы;
NPV борышты өтеумен байланысты болашақтағы барлық төлемдердің ағымдағы құнның экспорттық түсімдердің құнына қатысы арқылы анықталады.
Сыртқы борыштың өсуіне ықпал ететін факторлар:
• Пайыз қойылымы;
• Ағымдағы есептің сальдосы;
• Жинақталған борыш болып табылады.
Қаржы ағымдарының жиынтығын: борышты қалыптастырмайтын ағымдарға және борышты қалыптастыратын ағымдарға бөлуге болады.
Бұл қаржы ағымдардың жиынтығы деп сыртқы борыш бойынша таза ағымдар мен ресми трансферттер және тікелей шетел инвестициялары сомасын айтамыз.
Сыртқы қаржыландырудың негізгі көзі болып, ресмиге:
1. Ұлттық
• Аймақаралық
• Аймақтық, аймақтық емес үкімет қарыз алулары
• Экспортты несиелік қаржыландыру
2. Халықаралық қаржы институттары ( Әлемдік қайта құру мен даму банкі, ЕҚҚДБ, Азиялық даму банкі және т.б.)
• ХВҚ алынған қарыздар
• БҰҰ агенттіктерінен гранттар
Ресми еместерге:
1. Акционерлік инвестициялар ( тікелей, портфельді)
2. Жеке сектор несиелері ( коммерциялық банктер, сауда және инвестициялық қорлар, жабдықтаушылар несиесі).
Борышты қалыптастыратын ағымдар ішінен қарызды және акционерлік капиталға қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздарды қамтитын портфельді инвестицияларды ерекшелеу өте маңызды. Портфельді инвестициялар маңыздылығы халықаралық капитал рыногына шығу мүмкіндігі бар елдер үшін өсе түседі. Осындай шығу мүмкіндігі шетел инвесторларының мемлекеттік қаржы жағдайына, оның шығарған қарыз міндеттемелеріне сенімділік дәрежесі барын көрсетеді. Бағалы қағаздардан басқа портфельді инвестицияларға айырбас бағамы мен пайыз қойылымымен байланысты тәуекелдіктерден қарыз алушыларға сақтануға мүмкіндік беретін ақша рыногының қазіргі міндеттемелер құралдарыкіреді.
Әлемдік қаржы нарығының ғаламдану жағдайында тікелей шетел инвестициялары қабылдаушы ел экономикасына қалай әсер ете алады. Бір жағынан, тіелей шетел инвестициялар түрінде капитал ағымы индустриализацияны жеделдетіп, экспорттың кеңеюіне әсер етеді. Екінші жағынан ғаламдану табыс теңсіздігін ұлғайта алады. Сөйтіп, тікелей шетел инвестицияларының пайдалылығы төмендегідей болады:
• өндіріске салуға қосымша ресурстарды алу;
• макроэкономикалық деңгейде сыртқы нарықтық тәртіптің жоғарылауы;
• сыртқы нарыққа шығуға қол жеткізудің кеңеюі;
• ұлттық мамандарды дайындау мен қайта дайындау;
• ұзақ мерзімді қарыз капиталының ұлттық нарықтарының кеңеюі мен тереңдеуі;
Тікелей шетел инвестициялардың теріс жақтары:
• сыртқы дағдарысқа өте сезімталдығы;
• шетелдіктер басқаратын меншікке бақылауды жоғалту.

Сыртқы қарыздар екі жақты және көп жақты негізде берілуі мүмкін екені белгілі. Екі жақты несиелеушілерге шетел мемлекеттерінің үкіметтері, олардың агенттіктері мен экспорт несиелеудің арнайы мекемелері, мысалыға Жапонияның экспорттық-импорттық банкі, АҚШ Эксимбанкі және тағы басқалары кіреді. Бұл қарыз берушілер қарыз алушы мемлекеттер үкіметтеріне төлем балансын қолдау, мемлекеттік бюджет тапшыығын қаржыландыру мен елдонорлардан келетін импортты қаржыландыру мақсаттарында беріледі.
Көп жақты несиелеушілер- халықаралық экономикалық ұйымдар ( Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру мен даму банкі, Еуропалық қайта құру мен даму банкі, Азиялық даму банкі және т.б.), олардың ерекшелігі- әлемдік қарыз капитал рыногында қаржыларды шоғырландыру мен оны қарыздар мемлекетті несиелеуге пайдалану үшін өздері қарыз алатындығы.
Көп жақты несиелер екі жақты несиелер сияқты төлем балансына қолдау көрсету, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру, Ұлттық валютаға қолдау көрсету, импорттың қауіпті деңгейін қаржыландыру, әлеуметтік- экономикалық дамуға көмектесетін жобаларды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздардың ерекшелігі- халықаралық қаржы ұйымдарының өз табысын жоғарылатуға ұмтылмай, операцияларын экономикалық даму мен қайта құруды қамтамасыз ететін салаларға шоғырландырылады. Немиелер көбінесе ұзақ мерзімге беріледі, бірақ жеңілдіктері көбінесе болмайды.
Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:
1. Осы ұйым мүшелерін несиелеу;
2. Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық- саяси жағдайымен танысу мақсатында елге келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттің бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;
3. Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда ғана беріледі;
4. Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;
5. Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып, жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.
Халықаралық қаржы ұйымдарының пайыздық қойылымы әр түрлі. Несие беру кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджет тапшылығы мен өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.
Борышты өтеу механизмі. ХВҚ-ның экономикалық тұрақтандырудың күшті бағдарламаларын қолдаудың негізгі құралы болып, құрылымдық қайта құруды кең ауқымды қаржыландыру болады. Қазірде ЕСАФ ХВҚ төлем балансындағы қиыншылықтары тұрақты, төмен табысты мүше-елдерге қаржылай көмек көрсетудің негізгі механизмі болуда. ЕСАФ шеңберіндегі қаржылар түбегейлі орта мерзімді құрылымдық қайта құру бағдарламаларды қолдау мақсатында ұсынылады. ЕСАФ неңберіндегі тұрақтандыру шаралары үш жылдың ішінде төлем баланс жағдайын тұрақтандырып, экономикалық өсуді ынталандырады деп болжануда.
Сонымен қатар, қарыз мәселесін жоюдың негізгі құралдарына: қарыз міндеттемелерін акцияға айырбастау, қарызды сатып алу, қарызды қайта ұйымдастыру мен қайта қаржыландыру кіреді. Әрбір мемлекет өзіне тиімді деп санаған әдістерді қолданады.
Қарыз міндеттемелерін акционерлік капиталға айырбастау шетел банктеріне қарыз бойынша талаптарын акционерлік капитплға айырбастауға мүмкіндік беріп, ол шетел банктік емес ұйымдарға қосымша нарықта міндеттемелерді жеңілдікпен сатып алып, ол тікелей капитал салымдарын қаржыландыру мен отандық қаржы құралдарын сатып алу үшін пайданылады. Кейбір жағдайларды ішкі активтерді сатып алу құқығы ел резиденттеріне беріледі. Сонымен қатар қарызды экспортқа немесе табиғи байлықтарға айырбастау мүмкіндігі де бар. Соңғы уақытта жаңа бағалы қағаздарға қатысты айырбастың бір түріне сеньюритизация жатады, оның мәні- бар қарыз міндеттемелерді жаңа құралдарға айналдыру кезінде оның нарықтық бағасы өсетіндей жсалып, бағалы қағаздарға мүліктік кепілдік беріледі. Осының арқасында қарызбен бірге пайда болатын шығындар азаяды, өйткені қарыздың бағалылығы өседі де, оған инвесторлар, сақтандыру компанияларының қол жеткізу мүмкіндігі жоғарылайды. Ал дебиторға келетін болсақ, секьюритизация ол үшін тиімді болып, бағалы қағаздар бойынша шығындары бар қарыздан алынатын жанама табыспен салыстырғанда әлдеқайда төмен болады.
Ал сыртқы борышты экономикалық саясаттағы күрделі табыстарсыз ұлғайту, мемлекеттің орталық банктің сыртқы қарызды өтеу үшін қажетті шетел валютасын сатып алу мүмкіндігі болмай қалу жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда мемлекет өз қарыздарын қайта қарастыруға қол жеткізуге тырысады.
Қарызды қайта қарастыру операцияларының мәні бар қарыз міндеттемелерін ұлттық немесе шетел валютасындағы жаңа қарыз міндеттемелеріне ауыстыру болып табылады. Ескі және жаңа міндеттемелер шарттары бір-бірінен қатты өзгешеленуі мүмкін.
Қарыз құрылымын қайта құрудағы Париж клубының әлемдік тәжірибесі қызуғышылық тудыратыны сөзсіз. Ол борыш құрылымын қайта қарастыруды қарыздар мемлекет экономикасының жағдайына байланысты жүргізуге мүмкіндік береді. Борыштың құрылымын қайта қарау механизм түрлеріне:
1. төлемді кейінге қалдыру механизмі;
2. борышты жою механизмі;
3. борыштың төлеу мерзімін ұзарту механизмі;
4. жеңілдікті пайыз қойылымдарын қолдану;
5. қарыздар мемлекетті төлем қабілетті деңгейге жеткізу үшін қосымша несиелеу жатады.
Қарыздар мемлекеттерде туындайтын мәселелер бірдей- өзінің сыртқы міндеттемелерін есептеу қиындықтары, өз позициясын бағалау мен сыртқы нарықтағы бағалар динамикасын көп жылдарға болжау қиындықтары. Ал бағаның ауытқулары сыртқы борышты өтеу мәселелерін ұлғайтады.
2. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы мемлекеттік қарыз құрылымының қалыптасуы.

Ұлттық экономиканың тұрақты өсу шартында қарыз алу процесімен байланысты шығындардың төмендеуіне әкелетін мемлекеттік қарыз құрылымының қалыптасуы, мемлекеттік қарызға қызмет көрсету, қарызды өтеу мәселелері маңызды болып отыр. Мемлекеттік қарыз құрылымының баланстырылған қалыптасуы- көлемінің, мерзімінің, қарыз алу портфелі оптималдық қатынасын анықтаумен түсіндірілетін Ұлттық экономика даму процесінлегі құрылымдық элемментердің заңды түрде өзгеретін қатынасты атаймыз.
Әлемдік практикада мемлекеттік қарыз туралы ешқандай жалпы көрсетулер жоқ. Әр мемлекет үшін жеке қатынас қалыптасады, өйткені әр мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері тән. Егер мемлекеттің сыртқы қарыздарын өтеуге күші жеткенмен, ішкі қарыздарын өтеуге күші жетпеген жағдайда, Ұлттық экономика үшін нәтиже теріс болуы ықтимал. Егер мемлекет халықаралық рыноктағы қарыздарын ішкі рынокқа ауыстырған жағдайда ол ішкі қаржылық рынокта ең ірі қарыз алушы болады. Бірақ соңғы кезде мемлекеттік қарыздың ішкі және сыртқы деп бөлінуінің маңыздысы төмендеп жатыр. Бұған себеп Ұлттық валютаның тұрақтылығы, ішкі рыноктағы және сыртқы рыноктағы қарыздар жағдайының жақын болуы. Яғни, ішкі және сыртқы қарыздарды өтеуге ортақ тәсілдер қолданылады. Ол өз кезегінде шешім қабылдауды тездетеді. Сондықтан ішкі және сыртқы қарыздар құрылымының орталықтандырылуы маңызды болып келеді. Бірақ бұл оптималдық шешім ұзақ мерзімдік кезеңде тиімсіз болып келеді, сондықтан мемлекеттік қарыз құрылымының оптималдық құрылуы ұзақ мерзімдік уақытқа қаралуы тиіс. Бұл жағдайда Қазақстанның ішкі және сыртқы қарыздарының қатынасы мемлекет экономикасының әрі қарай тұрақты даму критерийлерін ескеру керек. Ұлттық экономика даму прцесінде қарызды өтеуге қызмет көрсету құнына теріс әсер ету ықтималдылығы өте төмен болады. Егер, мысалы, еврооблигацияны тарату ішкі заемдарға қарағанда бюджетке қаражаттарды тиімдірек шарттармен тартады, онда ішкі қарыз лимиті қайта қайтарылуы мүмкін, бірақ барлық мемлекеттік қарыз шектерін қамтамасыз етуді ескеруіміз қажет. Қазақстан экономикасында ішкі және сыртқы қарыздарды қаржыландыруы қатынасы 2 фактор жүзінде қалыптасады:
1. Қарыз алу құнына байланысты тартылатын қаражат көздерінің түрлерін таңдау және дәйектеу.
2. Елдің экономикалық дамуының әр этаптағы жағдайларды бағалау.

Бюджеттік тапшылықпен қарызды көлемді бағалау келесі айнымалыларға байланысты күрделенеді:
1. Әдетте мемлекеттің шығындарының көлемін бағалаған кезде мемлекеттік секторлардағы амортизацияны ескерілмейді, ал ол кезегінде бюджет бюджет тапшылығымен мемлекеттік қарызды жоғарлатады.
2. Мемлекеттік шығындардың маңызды бабы- қарыздарға қызмет көрсету, яғни қарызға байланысты пайызын және бірте-бірте негізгі қарызды өтеу.
Мемлекеттік шығындар номиналды пайыздан(RnD) емес тек мемлекеттік қарыздың нақты пайызынан (RrD, мұндағы D-мемлекеттік қарыз деңгейі, Rr- нақты пайыз қойылымы, Rn- номиналды пайыз қойылымы) ғана тұруы керек. Фишер деңгейіне(π=Rn-Rr) байланысты ресми есептеулерде бюджеттік тапшылық көлемін πD-ға жоғарлатады. Инфляцияның жоғары қарқыны кездерінде бұл теңдік келесі түрде жазылады: Rr=Rn-π/1+π. Бюджеттік тапшылықтың өсуі қарыздық инфляциялық пайыздың төлеуіне кеткен мемлекеттік шығындардың өсу салдарынан болады. Сондықтан бағалау эффектісі жоғары бола алмайды. Яғни,

Нақты номиналды жыл басына инфляция
Мемлекеттік = мемлекеттік – мемлекеттік * қарқыны
Бюджет бюджет қарыз көлемі
тапшылығы тапшылығы

3. Макродеңгейде мемлекеттік бюджет тапшылығын бағалау кезінде жергілікті бюджет жағдайын ескермейді. Жергілікті органдар салық төлемдерін аз төлеу мақсатында жергілікті бюджет жағдайы туралы мәліметтерді дұрыс бермейді. Нәтижесінде мемлекеттік бюджет тапшылығына баға жоғары болып келеді.
4. Ресми мемлекеттік бюджет тапшылығымен қатар елде жасырын тапшылық, ол Ұлттық банктің, үкімет кәсіпорындар мен коммерциалдық банктердің квазибюджетік әрекетімен түсіндіріледі.
Қарыздың құрылымының негізгі элементі ретінде графиктік есеп айырысу төлемдерін қамту керек. Ұлттық экономиканың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму кезінде ішкі заемдар қажет емес, бұл өз кезегінде іске асырылған заемдардың құнына сәйкес қарыз құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ішкі мемлекеттік қарыз құрылымы мемлекетік бюджет тапшылығын қаржыландыруға және нақты инвестициялық жобаларға байланысты қалыптасады. Ішкі қаржыландыру құрамының баланстылығының негізгі элементі айналым мерзіміне сәйкес мемлекеттік қарыздың міндеттемелердің оптималдық қатынасы болып табылады.
90 жылдары әлемдік рынокта қаржылық бум болды. Ақша қаражаттары тәуекелділігі жоғары капитал салымдарын іздеді. Нәтижесінде дамушы елдердің ішкі қарызы 1998 жылы 1 трлн.долларға, ал 1999 жылы 2 трлн.долларға жетті.
Дамушы елдердің экономикасындағы басымдық қысқа мерзімді мемлекеттік қарыз әр қашанда болады.
Қазақстанда 2002 жылдың соңына Ұлттық банк теңгелік айналымы: қысқа мерзімді бағалы қағаздар- 30,7% , орта мерзімді- 47,9%, ұзақ мерзімді- 21,4%. Бұдан көретініміз, қысқа және орта мерзімді міндеттер қатынасы Ұлттық банкүгін оптималды. Соңғы кезде ішкі қаржыландыру көздері ретінде ұзақ уақытты несиелер мен қарыздар рөлі төмендеді. Дамыған елдерде 1999 ж. 5 млрд. доллар, ал 2000 ж. 1,3 млрд.долларға төмендеді. Қазақстан 2003жылдың 1 қаңтарына ішкі заем дарды қаржыландыру соммасы 2002,5 млн. долларға жетті. Бұл операциялар екі жақты және көп жақты келіс шарт арқылы іске асады. Біра соңғы уақытта екі жақты несиелеу және қарызды алу үлесі 2001 ж. 23,8 болса, 2002 ж. 20,5 пайызға төмендеді. Өйткені екі жақты келісім кезінде толық жазылып алуға немесе бекітілген келісім шартты бұзуға құқығы болады. Сондықтан көп жақты келісім шарттар , яғни Халықаралық қаржы ұйымдары арқылы келісім шарттар іске асады.Қазақстанда 2002 ж.- 79,5%, 2003 ж. – 78,6%.
Солайша, Ұлттық экономиканың тұрақты дамуындағы мемлекеттік қарыз құрылымының қалыптасу мәселесі барлық құрылым элементтердің оптимизациялауына бағытталу керек және қарызды басқару жүйенің негізі болып табылады.

3. Қазақстандағы мемлкеттік қарызды басқару мәселесі.

Мемлкеттік қарызды жүйелі басқару экономикалық басқарудың жүйе астысы болып табылады.
Мемлекеттік қарызды басқару жүйесі келесі элемменттерден тұрады: мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын ортақ стратегия қолдану, сонымен қатар қарыздық құнды төмендету, алынған ресурстарды тиімді қолдану, міндеттерді уақытылы орындаоуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі.
Қазақстан тәуелсіз алған жылдан бастап, 1991 ж. әлемдегі қарыз алу капиьалдық қарыз алушылардың ең белсенділердің бірі болды, өйткені экономикалық реформаларды іске асыру үшін қаржылық ресурстардың қажетті мөлшерде жеткіліксіз болуы ұлттық экономиканы борышқорлық қаржыландырумен түсіндіріледі.
Солайша, 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан инвестициялық құлдырауды жеңе алмады, тұрақты өсу фазасына өте алмай жүрді.Жылдық экономикалық әлсіздік бюджеттік және валюталық дағдарысқа, ал ол өз кезегінде қаржылық дағдарысқа әкелді. Үкімет 1998 ж. Бюджеттік тапшылықты ақша эмиссиясымен, Ұлттық банк несиелерімен тлтырудан бас тартып, мемлекеттік қысқа мерзімдік міндеттемелер негізінде ішкі және сыртқы қарыздарға қызықты. Бір уақытта мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер табыстылығы өсті, мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге көп шығындар кетіп отырды. Солайша, 1997 ж.-мемлекеттік қарыз шығындары- 37,2%, 1998 ж.- 24,8%, 1999 ж.- 32% құрады. Бұл жағдайда қарыз келесі қарызбен жабылып отырады. Нәтижесінде валюталық жүйе әлсіреп, алтынвалюталық қор азайды. 1997 ж. 2291,1 млн.доллар болса, 1998 ж. 1963,8 млн.долларға төмендеді. Төлем балансынвң тапшылығы 1997 ж. 479,6 млн. доллар, ал 1998 ж. 442,5 млн.доллар құрады. Бұл тағыда қосымша қарыз алуға итермелейді. Сонда Қазақстан Республикасының қарызы 3290 млн.доллардан 4007 млн.долларға өсті. Сөйтіп Ұлттық экономикада қиын жағдай орнады. Бір жағынан, ішкі заемдардан мемлекеттік бюджеттапшылығы өсті, ал екінші жағынан – сол тапшылықтың орнын толтыру үшін сол заемдар алынып отырды. Мемлкеттік қарызды өсуінен Қазақстан экономикасының дамуы тоқталды.
Нәтижесінде, үкімет мемлекеттік қарыздың күрделі мәселе екенін түсіне отырып, мемлекеттік қарызды басқаруды келесі әдістермен түсіндірді:
• Басқарудың бір тұтастығының жоқтығы;
• Қарыздарды, міндеттерді өтеуді ұзақ уақытқа созуға ынталанды,
• Ішкі қарыздың түсіндірілмеуі;
• Несие берушілердің пайыз қойылымын жоғарлатуы;
• Мемлекеттік қарыздан алынатын қаражаттармен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды тиімді таңдаудың нақты басымдылықтардың болмауы;
• Бастапқы несиелерді тарту кезіндегі заңдық және нормативтік базалардың болмауы.
Мемлекеттік қарызды басқару стратегиямының негізгі келесі тәсілдер болуы керек:
1.Заемдар мемлекеттің қаржылық-инвестициялық жүйенің тұтастық буыны.Яғни үкімет заемдарын тиімді үйлестіруші жүйе асты. Оның негізгі, басты қызметі: заемдық қаржылардың оптималдандыру, ликвидтілігінжәне заемдық міндеттердің мерзімдеріне сәйкес өтеуді қамтамасыз ету.
2. бюджеттік процестің ең маңызды құрылымдық бөлігі ретінде орта мерзімділік қаржылық жоспарды жиынтық түрде құру қажет. Жоспарда шығыс, кіріс есептеулер, қарызға қызмет көрсету және инвестициялық шығындар құнын қамту керек. Бұл есептеулер түрлі шарттарда олардың сезімталдылығына анализ жасауға мүмкіндік береді.
3. заемдық ресурстарға қызмет көрсету және оларды тарту шығындар заемдық ресурстар арқылы қаржыланып, жобалар нәтижесінде алынған экономикалық эффектпен сәйкес келуі керек;
4. заемдық ресурстар жалпы маңызды мемлекеттік жобалармен программаларды қаржыландыру мақсатымен тартылуы тиіс. Нәтижесінде бұл заемдардың іске асуы қысқа және орта мерзімді перспективаға немесе бюджеттік шығыстардың азаюына немесе отандық өндірушілердің бәсекелестік қабілетін күшейтуге қолайлы жағдай жасауы және жаңа жұмыс орындардың пайда болуына әкелуі мүмкін, ал ол өз кезегінде, сәйкесінше, бюджеттің табысты бөлігін арттырады;
5. мемлекеттік қарызды басқару саясатындағы бюджеттік заңдар қарыздың шектеу көлемдерімен тыйым салуға бағытталмау керек, ол мемлекеттік қарыз алу мүмкіндігін сақтауға жағдай жасайтын институтционалды шектеулердің қалыптасуына бағыттау керек;
Бұл шаралардың қолдануы Ұлттық экономиканың ұдайы өндіріс процесіне қызмет көрсетуіне бағытталған мемлекеттік қарызды басқару жүйесінің балансталуына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қарызды басқару мемлекеттік қарыздарын реттеуші және үйлестіруші қаржы министрлігі жағынан іс әрекеттерден тұрады. Мемлекеттік және кепілдемелік мемлекеттік қарыз алу мен қарызын он жылдық периодқа жобалау мен жай-күйінің жылдық бағалау жүргізіледі. Бұл бағалау қайтарылым көлемі, үкіметтік қарыз лимиті, мемлекеттік кепілдемеліктің берілуінің бекітілуге сәйкес көрсеткіштерді анықтайды. Бұл құжатты ҚР-ның Қаржылық Министрлігі мен ҚР-ның Ұлттық банк және елдің экономикалық дамуының ұзақ мерзімді прогнозына, кепілдемелік мемлекеттік қарыз және мемлекеттік жинақтардың көлемін, құрылымына, ссудалық капитал рыногындағы өзгерістерін жобалауына негізделген мемлекеттік органдармен мемлекеттік инвестициялық Программаның әзірленуіне уәкілетті тұлғамен іске асады.
ҚР-ның Қаржы Министрлігі ҚР-ның үкіметінің қарыз алу шарттарын, көлемін, формаларын, қарызды өтеукөлемі, лимиті анықталады. Бұл көрсеткіштерді жергілікті және республикалық бюджетте бекітіледі.
Басқару шектеуіне қарыз құрылымының оңайтыландыру жөніндегі шараларды дайындай және іске асыру кіреді. Және бұл шектеуге мемлекеттік бағалы қағаздар мәселесі, мемлекеттік қарызды қайта қарау, мемлекеттік қарыз алу тәуеклділігін басқару кіреді.
ҚР-ның » Мемлекетік және кепілдемелік мемлекеттің қарыз алу мен қарызы» туралы заңында мемлекеттік құрылымдардың қарыз алу лимиттері белгіленген:
1. үкіметтік қарыз лимиті;
2. ҚР Ұлттық банктің сыртқы қарыз лимиті;
3. жергілікті атқарушы органдардың қарыз лимиті;
Бұл лимиттер республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергіліктебюджеттерде жоспарланған болып табылады. Тіркеліп алынған және қайтарылмаған заемдар соммалары нақты қарыздың көлемінен аспауы керек. Мысалы, Ұлттық банк үшін бұл сомма банктің таза алтывалюталық активтердің 50% құрайды. ҚР- ның үкіметінің қарыз алу лимиті » Республикалы бюджет» туралы заңында бекітілген. Жергілікті атқаруышы органдардың димиті сәйкес жылдық бюджеттік табыстың 25% құрауы керек, ал қарызды өтеу лимиті бюджеттік табыстың 10% жоғары болмау қажет. Қарыз алу лимиті 10% аспауы керек.
Қорытынды
Мемлекеттік қарызжәне бюджет тапшылық мәселелері қазіргі таңда ең үшкір мәселелердің бірі болып қалып отыр. Өйткені Мемлекеттік қарызды өтеу мен бюджет тапшылығын қысқарту шараларын іске асыру үшін ең басты мемлекеттік қарызды басқаруды жүзеге асыруымыз қажет. Мемлекеттік қарызды басқару- бюджет тапшылығының төмендеуіне, экономикалық өсуге ықпал етеді. Сондықтан мемлкеттік қарызды тиімді әрі ұтымды басқару жолдарын анықтау бізге өте маңызды болып келеді. Ұлттық экономикамыздың дамуына, өрістеуіне сәйкес мемлекеттік қарызды басқару стратегиялары да өзгеріп, жаңа әдістер пайда болуда. Соған байланысты «Қазақстан- 2030» республикалық даму стратегиясы, ҚР-ның «мемлекеттік және кпілдік қарыз бен қарыз алу» туралы заңы, «1999-2008 ж. Үкіметтік және үкіметтік кепілдемелік қарызға алу» программасы қабылданды. Қазақстаннның экономикалық даму шарттарын өзгерту, тапшылықсыз бюджетті қалыптастыру, қарызды бақылау жүйесін жетілдіру шаралары іске қосылып жатыр. Бірақ, үкімет мемлекеттік қарызды басқару стратегиясын макроэкономика дәрежеде, яғни елдің дамуы макроэкономикалық стратегияға негізделуі керек. Макроэкономикалық стратегия: мемлекеттік қарызды басқару жүйесінің бір тұтастық мәселесін, жалықаралық қаржылық ұйымдармен қарымқатынасты қолдау, ұзақ мерзімді мәселелерді реттеудің әлемдік тәжірибесін алдыңғы уақытта қолдану, ішкі және сыртқы қарыздың анықталған шектеуді қолдау, қарызды басқару рыноктық және институтционалды механизмдерін байланыстыру, қарызды өтеудің жаңа қаржылық көздерін жұмылдыру шараларын жатқызамыз.
Жалпы, ҚР-ның даму стратегиясы — әлемдік шаруашылық байланыс жүйесінде біріктірілген заңды мемлкетпен әлеуметтік бағдарлы рыноктық экономикасын ынталандыру. ҚР басты критерийсі- тиімді даму стратегиясы.
Үкіметтің мемлекеттік саясаттың макроэкономика контекст дәрежеде іске асуы мемлееттік қарыздың деңгейін төмендетуге, экономикалық өсуге, түрлі жағдайларда, түрлі тәуеклдік қарқыында мемлекеттік қарызға қызмет көрсету тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Тапшылықты қаржыландыру бағыттарынан түпкі түрде өзгерту қажеттілігі өте зор. Қазіргі уақытқа дейін тапшылықтың 90% ҚР Ұлттық банктің льготтық несиесімен, бюджеттен тыс қорлардан және қосымша ақша эмиссиясы жолдарымен толтырылып келуде.
Үкімет несиелік экспансияны күшейтуді тоқтатып, келесі әдістерді қолдануы керек:
• мемлекеттік заемдармен бағалы қағаздар айырбасы, мемлекеттің орта мерзімді облигацияларпайыз қойылымы сбербанк депозиттеріндегі пайыздық қойылымнан төмен болмауы тиіс.
• Ашық рыноктағы бағалы қағаздар операцияларды іске асыру
• Қаржы министрлігіне берілетін Ұлттық банк табыстары
• Бюджеттен тыс қорлар
• Шетел заемдары
• ішкі мемлкеттік қарыздарды жабу төлемдерін тоқтату кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде бөлу
Солайша, жалпы бюджеттік тапшылықты реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамассыз ету керек.
Мемлекеттік бюджет тепе-теңдігін сақтау, мемлекеттік қарыз қарқынын төмендету біздің болашақ экономистмамандық иелері ретінде басты міндетіміз болып табылады. Яғни осы шаралары іске асыра отырып, біз Ұлттық экономиканың өркендеуін қамтамасыз етеміз, мемлекеттік тұрақтылықты жоғарлатамыз…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com