« Қыс қызықтары » табиғат сұлулығына қызығушылықтарын байыту және еңбек дағдыларын қалыптастыру балабақшадағы жобалар
« Қыс қызықтары » табиғат сұлулығына қызығушылықтарын байыту және еңбек дағдыларын қалыптастыру.
2013 оқу жылы
I. Қонақтармен амандасу.
Сәлеметсіздер ме?
II.Таңғы шаттық шеңбері.
Мен дос,сен дос,
Мен әдемі,сен әдемі.
Мен ақылды,сен ақылды,
Мен сені жақсы көрем,
Біз енді доспыз.
III.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Аппақ-аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау-қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Аппақ біздің шанамыз,
Аппақ қырдан ағамыз.
Шырқатып ән саламыз,
Біз шадыман баламыз.
Шанамен зырлап желетін,
Шанғы,конъки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Балалар жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
-Қыс мезгілі.
-Неге,оны қайдан біліп тұрсыңдар?
-Күн суық,аз,жерде қар бар.
-Өте жақсы,дұрыс айтасыңдар.
-Қардың түсі қандай,жұмсақ па,қатты ма?
-Қардың түсі ақ,қатты.
-Қарды жеуге бола ма?
-Жоқ болмайды.
-Қар ерігенде неге айналады?
-Қар ерігенде су болады.
-Ал,су қатса неге айналады?
-Су қатса мұз болады.
-Ал,судың түсі өзгереме?
-Өзгереді.
Ендеше балалар,қардың суға,судың мұзға айналатынына тәжірибе жасап көру арқылы көзімізді жеткізіп көрейік.
Тәжірибе. «Су». «Қар». «Мұз».
-Балалар кім қыс туралы жұмбақ,тақпақ,мақал біледі?
Жарасыл: Қырау атып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Арон: «Қыстың көзі қырау».
Бақтияр: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар)
Мергүл: Қар жамылды күллі алап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ.
Айару: «Қыс арбаңды,
Жаз шанаңды даярла».
Санжан: Көлдің беті көк әйнек,
Сырғанауға тым әйбат. (мұз)
Әдемі: Қар жауып тұр далада,
Қар жауып тұр қалада.
Аққала қардан соғатын,
Керек ақ қой балаға.
Әлихан: «Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба».
Амина: Жылт –жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
Ақнұр: Аққала қардан соғайық,
Шынықсақ бізге сол лайық.
Үлкендер көріп қызығар,
Қардан да таза болайық.
Нузар: « Қыс аязымен,
Жаз самалымен».
Тайр: Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қыр алып,
Іздерінен қар ұшып.
-Балалар тәжірибе арқылы неге көз жеткіздік?
-Қардың суға,мұзға айналатынын көрдік.
-Сендерге ұнады ма?
-Иә ұнады.
IV.Сергіту сәті.
Аппақ болып таң атты,
Күн күлімдеп шығады.
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биікке ұшады.
Биші бұралып билейді,
Күйші домбыра тартады.
Спортшы жүгіріп секірсе,
Ал,балалар ойнайды.
-Ән әуені ойналады,қар жауып,тапсырма келеді.
-Балалар бізге қармен бірге тапсырма келді,қане орындаймыз ба?
-Иә орындаймыз.
Тапсырма орындау үшін балалар 3 топқа бөлінеміз:
1 топ – дөңгелек – қызыл түсті.
Тапсырма: Субояқпен жұмыс.
Балалар алдарыңдағы ақ бетті ,оңнан солға қарай,субояқтың бір түсін қолдана отырып бояймыз.
Мақсаты:Субояқпен жұмыс жасау барысында,тазалыққа баули отырып,ізденімпаздылығын,талғампаздығын арттыру.
2 топ – төртбұрыш – көк түсті.
Тапсырма: Аққаланы құрастыру.
Мақсаты: Балалардың ойын дамыта отырып,шапшаңдыққа үйрету.
3 топ – үшбұрыш – сары түсті.
Тапсырма: Аққалаға не жетіспейді?
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,байқағыштығын,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
-Балалар субояқпен жұмыстанған кезде қандай тосын сый байқадыңдар?
-Әр түрлі суреттер көрдік.
-Аққаланы неден жасаймыз?
-Қардан.
-Аққалаға не жетіспейтінін таптық па?
-Иә таптық.
-Не жетіспейді екен?
-Мұрын,ілгек.
-Аққала неше бөліктен тұратынын білеміз бе?
-Білеміз.
V.Мадақтау.
-Жарайсыңдар балалар,барлығымыз жақсы қатыстық.Барлық балаларды жұлдызша беру арқылы мадақтау.
VI.Қорытынды бөлімі.
— «Қыс қызығы» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталды.Рахмет.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!