Қазақша анекдот: Абай көшесінде….

0

Қазақша анекдот: Абай көшесінде.... казакша Қазақша анекдот: Абай көшесінде.... на казахском языке

Абай көшесінде бір адам өліп қалыпты. Оны бір тұтықпа сақау жігіт көріп полицияға хабарлапты.
— А-а-а-а-ло, а-а-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ө-ө-ліп қ-а-а-а-а-лыпты! — депті.
Полиция:
— Қай көшеде, көшесін айтшы?! — депті.
Сақау:
— А-а-а-а-а-а-а-а-б-б-б-б…, — десе, полиция:
— Абылайханда ма? — депті.
Ол:
— Жоқ. А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б…
Полиция дұрыс түсіне алмай:
— Неге ойнап тұрсыңдар?! — деп телефонды лақтырып тастапты.
Сақау қайта қоңырау шалып:
— А-а-а-а-дам ө-ө-ө-ө-ліп қал-ы-ы-ы-пты, — десе, полиция:
— Көшесін айтшы?! — деп айқайлапты.
Сақау тағы:
— А-а-а-а-а-а-б-б-б-б-б-б…, — депті.
Полиция:
— Абылайханда ма, әлде ойнап тұрған біреусің ба? — деп жынданып телефонды тағы лақтырып тастапты.
Содан 5-6 сағаттан кейін сақау тағы телефон соғып:
— А-а-а-а-а-дам өліп қалды, — десе, полиция:
— Абылайхан көшесінде ма? — деп айқайлапты.
Сонда сақау:
— Иә, а-а-а-а-а-йтып тұ-ұ-ұ-ұрған кө-ө-ө-өшеге сүйреп әкеліп қойдым! — депті.