Қазақ халқының философиясы туралы қазақша реферат
Негізгі мақсаты: Өзіміздің төл философиямыздың басқа философиялардан ерекшелігін баса көрсету, оның ішінде ақын-жыраулар, сал-серілер, билер, батырлар философиясының ешқандай философияда жоқ екендігін дәлелдеп ұлттық философияны жоғары дәрежеде дәріптеу.
Негізгі түсініктер: заман, зар-заман, сенім және парасат, адамшылық, тарих философиясы, билер философиясы, әлеуметтік философиясы, дін философиясы, жеті жарғы.
- Қазақ хақының дүниетанымы, мифологиялық, діни, философиялық ойлардың қалыптасуы.
- Қазақ философиялық ойшылдарының кезеңдері.
- XIX ғасыр аяғы – XX ғасыр басындағы қазақ зиялаларының ой – пікірлері, тұжырымдары.
Қазақ халқының философиямен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманнан басталады. V – VI ғасырларда түркілердің әліппесімен жазуы болды соның негізінде түріктер жазба мәдениетін туғызды, оны көне түркі жырлар деп аталады. Сол замандағы түркілермен қазіргі қазақ саласының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарамыз. Орта азия мен қазақстан жеріне ислам діни таралуына байланысты. 2 мәдениет 2 альфавит тайталасқа түсті 1 – түркі мәдениеті және түркі альфавиті 2 – араб парсы мәдениеті араб альфавиті.
IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаттары математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаттары). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Югнаки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Қазан төнкерісіне дейін бұларды қазақ зиялалары жақсы білген, сонымен қатар көшпенділер деген атта қалған. Қазақтардың жоғары қала мәдениетінің болғанын айғақтайды. Жоғарыда аталған ойшылдардың көбісі араб парсы мистикалық философиясы болған. Қазақ топырағына араб парсы мәдениеті Шығыс поэзиясы арқылы таныған. Фир Дау Си бастап Науай деген ақындар бәрі суфизм ықпалында болды сондықтан өнерге поэзияға жақын. Қазақ халқы исламның ортодокциялық жағына ден қоймай оның философиясын қабылдаған, философия қазақ қалқына сырттан танылған ілім емес өзінің төл санасына жататын құбылыс. Айталық “тәуба”философиялық ұғым ол қандай құбылыстың болса да рухани өлшемі. Бұл ұғым адам қуанышының да қайғысын да шегі барын білдіреді, барға қанағат ету керек. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психолог – сына әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңді, халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның түрмысынан аңғарылуы заңды дүние. Сондықтан араб – парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі салты ерекшелігіне салт қабылдаған.
VIII – IX ғасыр Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді ол кітаби Қорқыт эпостық жырының атасы қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көз қарастары тағдырға жазылған деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгә өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті ол өмірдің қиындықтарына мойын сүнбай үнемі күресе білуге шақырды әр істің ізгілікпен жақсылыққа негізделіп жүзе асуын уағыздады бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады қазіргі уақытта 22 – ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ “Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ”. Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Кітаби Қорқыт 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі ннұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрездн (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған.
Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт – сана табиғат және қоғамға деген көз қарасы көрініп тұр.
Қар қанша қалын жауғанмен
Көктемнен қалмас.
Ескі темір біз болмас,
Ескі дүшпан дос болмас.
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Анасыз қыз жасауға жарымас.
Ажал келмей кісі өлмес,
Өлген адам тірілмес.
т.б. қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру сол арқылы өмірге мәңгілік ету идеясы оның философиясының ірге тасын қалайды.
М. Әуезов Қорқыттың мәңгі өмірі туралы толғаныстарын негізгі философиялық түсінігін аша келе оның болашақ үрпақ үшін дүние танымдық маңызы зор мәңгілік мұра екенін атап өткен Қорқыт – “Өлім” деген құбылысқа қарсы түра алатын рухани күш таба білген әлемге мұндай өлмес шығармалар қалдырған ойшылдардың ұмтылуы мүмкін емес және ол халықтын зердесінде мәңгі қалуы заңды.
Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұнидың замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өмірін Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі: “Диуани лұғат ат – түрік” (Түркі тілдерінің жинағы ). Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Олардың тілін, тарихын, әдет – ғұрпын зерттеп, мақал – мәтелдерін жинастырған. Қазақ халқының сол кездегі адамгершілік, ерлік, тіл байлығы қасиеттеріне жоғары баға берген.
XV ғасыр аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының ойшылы Асан Қайғы,, Керей Жәнібек хандардың ықпалды биі ақылшысы болған өзінің философиялық жыр талғауында хандық үкіметтік нығайту елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттады. Қоғамдағы әдет ғұрып мінез құлқын мәселелерін көрсеттік Асан Қайғы бір орталыққа бағынған мемлекет құруды насихаттады аңыз бойынша Сарыарқада ұлытауда дүние салған.
XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады.
Сондай – ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой – пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, “Үш анық” философиялық еңбегін жазып шықты.
Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Соның бір көрінісі ұлттық философия халықтық дүние таным. Қазақ философиясы қазақ ойшылдары деген мәселелердің күн тәртібінде болмауы. Қазақ философиясы адам және оның өмірсүру философиясы жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пішіндегі бар халықтың соған сай философиялық дүние танымы ой пікірлері болуы заңды дүние.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Қазақ философиялық ойларының қалыптасуы.
2. Қазақ ойшылдары Әл – Фараби, А. Иассауи, Қорқыт – ата, Асан Қайғы тұжырымдары.
3. Абайдың философиялық тұжырымдары.
.
Тағы рефераттар