ка

Қанайналым слайд,презентация - Биология

04.04.2019 22:42
0
5

Қанайналым слайд,презентация

 

 

 

Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.
    Қанның қызметі:
Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегі газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
Регуляторлық – әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;
Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.


Ежелгі  кезден – ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген.  Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы - Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы – Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір – бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.

 




Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий