Қан түзілуі слайд,презентация — Биология
Қан түзілуі слайд,презентация
Эритроциттер – ядросы жоқ, гантельге ұқсайды. Ер адамның 1 литр қанында 4,0х1012 – 5.0х10 12 /л. Әйелдерде 3,7х10 12 – 4,7 – 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі – эритроцитоз, азаюы – эритропения деп аталады.
тыныс алу – ол тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы өзіне оттегі мен көмірқышқыл газын қосып алатын қасиеті бар;
қоректік – қоректік заттарды ас қорыту ағзаларынан жасушаларға тасымалдайды;
қорғаныс — эритроциттер токсиндерді антиденелер арқылы байланыстырады, қан ұюға қатысады;
ферментативтік — әр түрлі ферменттердің тасушысы.
Лейкоциттер — қанның ақ денешіктері. Олар түссіз және ядролары бар. Дені сау адамда тыныштық жағдайда лейкоциттердің мөлшері 4,0–9,0х109/л. Лейкоциттердің көбеюі – лейкоцитоз, азаюы – лейкопения деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулациттері ( түйіршіксіз). Лейкоциттер арасындағы пайыздық қатынас лейкоцитарлық формула деп аталады.
Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары. Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады.