Курстық жұмыс: Психология | Балабақшадағы психологиялық қызмет
Мазмұны
Кіріспе
1. Мектепке дейінгі мекемелердің балалардың дамуындағы
орны
2 . Мектепке дейінгі оқу тәрбие жұмысын бақылау және
басшылық жасау
3. Фонетиканы оқыту барысында балалардың логикалық ойлауын
дамыту
4.Балалардың білім және тәрбиелік тұрғыдан кеткен қателерін
дұрыстау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Мақсаты:
Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетуде әдістемелік әдебиеттерді талдау, және де ғылыми негізін белгілеу, мектепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетуде әдістеме жасау;
Міндеті:
Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетудің ғылыми теориялық негіздерін анықтау;
Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзету жұмысының мазмұнын, көлемін белгілеу.
1. Мектепке дейінгі мекемелердің балалардың дамуындағы
орны
Білім берудің деңгейлері әрине, тағы да балабақшадан басталмақ. Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзету бағдарламаларымен қамтуды дәйекгі түрде ұлғайту жолымен балалар-дың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызыметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиіспіз.
Міне, осылайша қымбатты әріптестер мойнымыздағы жүк күннен -күнге ауырлай түседі. Оны жеңілдету, келешек ұрпақтың қамын ойлау өз қолымызда. Біздердің ата — бабамыз алмаған қамал жоқ, ендеше сіздер мен біздер бұл тұғырда да жетер биігіміз, тауымыз алда. Бүгін мен сіздермен балабақшаның бақылау мен басшылық барысындағы
қол жеткізген шамалы жетістіктермен бөліспек ойым бар. Әрине, жаңадан әдіскерлік жұмысын бастаған әріптестерім үшін көмек, кеңес болар деген ойдамын.
Бақылау функциясы — латынның жасау орындау деген мағынасын білдіреді. Басқарушы жүйеден басқарылатын процестердің мақсатты бағытталуын және ұйымдастырылуын талап ететін белгілі бір іс әрекет атқаратын басқарушы жүйе мен бақылау объектілері арасындағы қатынас. Бақылау функциясы периодты немесе қажеттілігіне байланысты жүзеге асады (күн сайын, апта, ай, тоқсан, жыл сайын). Мысалы, сабақтың кестесі жыл сайын жасалса, тәрбиешінің жұмысын бақылау белгіленген мерзімде қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
Менеджмент бойынша жұмыста әр түрлі басқару мен бақылаудың түрлері бар — жоспарлау болжау, талдау, ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, коммуникация, шешім қабылдау, бақылау, бағалау, қолдау, ақпараттандырулар. Бұларды жәй басқару функциялары деп атайды.
Бұл басқару функциясы тек әрекетті ғана емес ол жүргізілетін объектіні атағанда ғана толық анықталады, бақыланады. Мысалы, «Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау» мен «Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау» — екі түрлі функциялар.
Білім беру мекемелерін басқару мен бақылау басшылық ету әдістері мен стилі ғылым үшін де, практикалық жұмыскерлер үшінде әрдайым өзекті болып отыр. Білім беру мекемесі қоғам жағдайының айнасы тәрізді: өзгерістер, жаңарулар, қиын уақыт аралықтары және жаңа модельдердін құрылуы.
Мектепке дейінгі балалар мекемесінің проблемасы бүгінгі күні мектепке дейінгі білім берудін қазіргі үрдісі ер балаға және педагогка ынталануға бағытталған жаңа басқару философиясына көшу болып отыр. Қазіргі жағдайларда мектепке дейінгі ұйымның әдіскері инновациялық процестің педменеджмент негіздерін меңгерудің ұйытқысы болып, командалық әкімшілік жүйеден кәсіби ынтымақ-тастық жүйесіне кешудің жетекшісі болуымыз керек. Басқарушылардың жұмысының негізі білім беру ұйымдарында жобалауға, ұйымдастыруға және нақты материалдар мен жағдайлар көмегімен бақылау жасауға мүмкіндік беретін аналитико-диагностика-лық функция болып табылады. Бұл маркетингтік зерттеулерде анық көрінеді.
Мысалы: Бағалау белгілері: қызыл — өте жақсы меңгерген, көк — жақсы меңгерген, сары — орташа меңгерген, қара — көмек қажет. Осыдан кейін барлык тәрбиешілер картасының қорытындысы бойынша шешім қабылдаймын. Егер қызылы, көгі көп болса, ол тәрбиешілерді семинар кеңестерде өз тәжірибесімен бөлісуге шақырамын. Ал сары көбейіп кетсе барлық тәрбиешілермен семинар-практикум немесе іскерлік ойын өткіземін. Қара белгі кездессе ол тәрбиешіге жеке кеңес беруге ұмтыламын. Мұндай диагностикалық картанын пайдасы, әдіс-темелік жұмыс қажеттілігін қанағаттандыруға көп көмек көрсететініне әбден көзім жетті.
Маркетинг өткізу, қызмет көрсету рыногін, тұтынушылар сұранысына сауалнама жүргізу, тестілеу, сұрау, әнгімелесу әдістерімен зерделеу негізінде жүргізуге болады. Мысалы, педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің стратетиясы мен тактикасын анықтау үшін жүргізілген жас мамандармен өткізілген сауалнамаға қарайык:
1 Өз жұмысынызға қаншалықты қанағаттанасыз?
2. Тәрбиеші мамандығында нені бағалайсыз’?
3.Жұмысыныздың бірінші жылында қандай қиындықтарға кездес-тіңіз? (сабақ жүргізгенде, режимдік сәтте, ойын, іс-әрекетін ұйым-дастырғанда, ата-анамен жұмыста, т.б.)
4. Қандай көмек кажет?
5. Алдыныздағы мақсат міндетініз?
6. Өзіңіздін педагогикалық ұжыммен қарым-қатынасыңызды қалай бағалайсыз?
7.Өзіңізге белгіленген тәжірибелі тәрбиеші тарапынан қандай көмек болды, т.б.? Осындай сауалнамаға жауап ала отырып бақылау мен басшылықтың жан-жақты ізденісі туады. Бақылау дегенді талапты қанағаттандыру шығармашылыққа жетелеу деп түсіну қажет. Бұрынғы авторитарлық педагогикадағыдай жаңа әдістемелерді қолдануға мәжбүр етуге болмайды Қазір тәрбиешінің таңдауына жол бар, әр түрлі жұмыстар істеп, жоғары нәтижеге жетуте болады. Тәрбиешінің педагогикалық еркіндігі болу керек, жағдайға байланысты іс-әрекет түрін өзі тандап алады.
Басқару — бақылау іс-әрекетінің тиімді нысанының бірі педагогикалық мониторинг болып табылады. Мониторинг – балабақшаның іс-әрекеті туралы ақпараттарды жинақтау, өндеу және сақтау, қарату туралы ұйымдастырудың бір түрі. Тағы да мысал ретіне іс-төжірибемен 2001-2002 оқу жылынан бастап балабақша бойынша мынандай бөлімнен тұратын мониторинт тақтасын шығарып келемін.
2. Мектепке дейінгі оқу тәрбие жұмысын бақылау және
басшылық жасау
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау — әлеуметтік мәні зор. халықтық іс болып табылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз. мемлекетіміздін білімді, білікгі, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
«Бала тәрбиесі — бесіктен басталады»— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 — 6жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты «Білім туралы» занның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.
Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 — 6 жастағыларды мектепке дайын.іау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмлшылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбнешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрскетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында өзін — өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына жаңа ұжымға, күн режиміне үйренуінде мектепке леген қызығушылығында икемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайына қалыптастыруға педагогтың шеберлігі үлкен роль атқарады.
Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесінде ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс. Балабақшалар жыл бойы осы бағытты негізге ала отырып, өздерінің алдына мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде, суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы ретінде танграмм, ребус, кроссворд, мақал – мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайданылады. Жылдан жылға материалдық – техникалық базамыз әдіскерлік құрал жабдықтарымыз молая түсуде.
3. Фонетиканы оқыту барысында балалардың логикалық ойлауын дамыту
Фонетканы оқыту барысында ой құрау жөніндегі дыбыстың рөліне, орфоэпиялық және орфографиялық дағды қалыптастыруға, балалардың логикалық ойлауы мен сөйлеу тілінің дамуына басты назар аударылуы тиіс.
Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады. Орфографияны берік менгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп ара қатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілде әр түрлі фонетикалық құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында, түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Тілдегі көптеген сөздер естілу қалпынша жазылады. Мысалы: от, ат, мол, мал т.б. Бұл сөздердің дұрыс жазылғандығын айтылуы бойынша анықталып тұр. Егер мұндағы әріптердің біреуі басқаша айтылса, сөздің мағынасы мүлде басқаша болып кетер еді. Осылайша дыбысты тура айналдырып жазу үшін, оқушы алфавитті жақсы білуі тиіс.
Алайда тіліміздегі сөздердін бәрі бірдей естілуі бойынша жазыла бермейді. Бұған сөздің соңғы буындарында жазылатын ә,ө,ү,ү әріптерінің емлесін жатқызуға болады. Сондай-ақ үу, үу, ыу, іу болып естілгенімен бір ғана у жазылатын, ый,иі болып естілгенімен, бірнеше түбірден басқа сөздерде бір ғана а жазылатын жағдайлар да сөздердің айтылуынша жазыла бермейтінің айғағы болып табылады.
Фонетиканың «Үндестік заңы» деп аталатын тақырыбы бастан-аяқ орфографиялық мақсатты сөздейді. Мұнда орфоэпиялық та, орфографиялықта ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша түбір сөздін соңғы буынның жуан я жіңішке болып келуіне қарай қосымша да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт. Алайды, тіліміздегі барлық сөздерге қосымша осы тәрізді тәртіппен қолдана бермейді. Міне, осыған байланысты ереже де жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне тиімді жағдайлар жасалу керек.
Тәрбиеші грамматика мен емледен окушылардың білімін дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, жастардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін кластағы анағұрлым
білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп жазып журеді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді.
Балалар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен қатар терінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуі тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім класпен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады.
Тоқсанның аяғына, жарты жылдың аяғында мұғалім оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалды, Тәрбиеші балалардың қате жіберу мотивін анықтайды:
I) Бала ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе?
2) Ержені түсінді, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған.
3) Ережелерді қарастырып шатастырады
4) Жазып отырғанының мағансына түсінбей, зейін қоймай механикалық іс әрекет етеді.
5) Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да өзін-өзі бақылай алмайды.
6) жауапсыз, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды т.с.с. — себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес, қосымша жұмыс үйымдастырылады.
Балалардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы: ескерту, түсіндірме анттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау ант, мазмұндама, шығармадағы қателер соңынан түзетіледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына бақылуа жасаудың пайдасы зор.
Жұмыс осы сыныптағы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзінде олардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы классқа тән қателер онша бола бермейді, сондыктан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса оқушылар ол сөзге сөйлем, дәптерлеріне жазып алады.
Балалар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стереотип орнайды одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені бірнеше рет қайта жібермеу үшін дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі атап сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе ондай сөздерді тақтадан немесе кітаптан қарап жазуға дағдыландыру керек.
Оқытуда, тәрбиеде және бала тұлғасын қалыптастырудағы тұлғалық бағдардың өзектілігіне байланысты қарым-қатынас мәдениеті мәселесі қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымдардың кеңінен қарастырып отырған мәселелерінің бірі. Балабақшаның педагогикалық үрдісінде бұл көзқарасты іске асыру осы мәселенің теориялық негіздерін талдауды, кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін қайта қарастыруды, осы мәселені шешудегі мұғалім мен оқушының ролдерін анықтауды қажет етеді.
Педагогика ғылымында тұлғалық бағдар тәрбиесі баланың тұлғалық қалыптасуына педагогикалық көмек көрсетуді, әлеуметтендіруді, өмірдегі өз орнын анықтауды және балаға өктемдік көрсетпей, оны қамқорлықпен дамьггуды қарастырады.
Баланың қателіктеріне тәрбиелік тұрғыдан қарау — тұлғалық бағдар тұрғысынан мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің өзектілігін негіздеу.
Қарым-қатынас мәселелерімен белгілі ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, ЯА.Коменский, И.Г.Песталоци жәнет.б. айналысқан.
Қазіргі таңда зерттеушілер қарым-қатынас процесінің әр түрлі аспектілерін қарастыруда. Бұл мәселенің философиялық негіздеріне В.С.Библердің, М.М.Бахтиннің, М.С.Коганның, Ж.М.Абдильдиннің, Ш.Қа-сабековтың еңбектері арналған.
Бірақ қазіргі кезде осы аталған түрлі зерттеулер бағьптары арасында қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді балалардың кіші жасынан бастау мәселесі көп қарастырылуда.
Мектепке дейінгі баланың жас кезендері балалар дамуындағы өте маңызды және ерекше кезең болып табылады. Осы уақьпта адам тұлғасының қаланады. Аталып отырған кезең танымдық белсенділікпен, білімге деген құштарлықпен, әсерлі қызығушылықпен, ата-аналар мен мұғалімдер абыройына де үлкен сенімділікпен сипатталады.
Тағы бір кеңіл аударатын жәйт — балалардың мектепке дейінгі кезден мектепке дейінгі баланың қатарына өту, бірізділік, жүйелілік мәселелері. Педагикалық тұрғыдан осы жас кезең ерекшеліктері Ш.А.Амонашвили-дің құнды еңбектерінде қарастырылған.
Мектепке жасына дейінгі баланың қарым — қатынас мәдениетіне тәрбие мәселесін қарастыруда қысқаша «мәдениет» және «қарым-қатынас» ұғымдарына тоқталған жөн.
Философия ғылымында «мәдениет ұғымы жайлы бірнеше көзқарастар қалыптасқан:
— тұлғалық мінез-құлық пен іс-әрекет бағыттайтын және іске асыратын әмбебап механизм ретінде (А.Г.Здравомыс А.В.Ядов және т.б.);
— рухани және материалдық құндылықтар ретінде (В.П.Тугаринов және т.б.);
— іс-әрекет жасау әдіс-тәсіл, ретінде (М.СКоган, В.Е.Давыдович т.б.);
— тұлғаның қоғам өмірінің тарихи — әлеуметтік, рухани салаларында өзін шығармашылық түрде іске асыру әдісі реттеу (В.СБиблер, А.Н.Леонтьев және т.б.
— адам өзінің биологиялық табиғатынан жоғарылау дәрежесі, онда рухани тамалардың қарқынды дамуы реттеу (В.М.Розов, Д.С.Лихачев және т.б.)
Жалпы алғанда қарым-қатынас балалар арасында байланыстарды жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттігінен туындаған және ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көп-деңгейлі үрдіс….