Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпкерлік мәні түрлеі және типі
Мазмұны
I тарау. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері.
1.1 Кәсіпкерлік: мәні, мазмүны және түрлері 4
1.2 Еркін кәсіпкерлік пен оның түрлері 9
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 12
1.4 Кәсіпкерліктің қалыптасуы. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік
тіжірбие 18
II тарау. ҚР -дағы кәсіпкерлікті және шағын Бизнесті дамуын басқару.
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару 21
2.2 Шағын бизнестің мазмұны және ерекшеліктері …… 27
2.3 Қазақстандағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы 29
2.4 Капиталдың айналымы мен түрлері………………………………………………………………33
ΙΙΙ тарау.Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлікті және Шағын Бизнестің дамуын басқару.
3.1.Қ.Р. – дағы кәсіпкерлікті басқару………………………………………………………..36
3.2.Шағын бизнестің мазмұны және ерекшеліктері………………………………….38
3.3.Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы………………………..40
Қорытынды 42
І ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері.
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны. Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. А. Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер — сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйым-дастырады және соның нәтижесіне оған өзі иелік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп, иелігіндегі қажетті қүралдары бар пайдалы жүмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар — шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері.
Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ҒТП-тің нәтижесіне; капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты айтылып жүр.Кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз — аталған субъектінің (кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және т.б. таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек деген сөз.Кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жаб-дықтарына, өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Өзін-өзін басқару мен шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай кдзжет. Толығырақ айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін — нарықтық бәсекелестік тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағ-дай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз кім? — бұл сұраққа жауап іздестіру барысында тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен кабілеттілігін және олардың өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура келді.Осы орайда, кәсіпкерлер — қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды; белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімдік танытады; нысаналы нәтижеге жұмыс істейді; сындарлы сынға және орынды мадақта дайын; ашық, іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серік-тесеріне катаң талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әр-дайым рухтандырып, іс-қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы — өзінің экономикалық, әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда — кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасыңдағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табастарының ажырата білу қажет. Акция бойынша, дивиденд, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар — меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстың көзі — акционерлік компанияны басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды.
Төмендегі ұғымдардың: кәсіпкерлікті — менеджменттен, және оны басқарушыдан ара-жігін ажырата білу қажет. Кәсіпкер — бұл меншік иесі әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент — жалпы өндіріс пен тауар айналымын тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатындағы басқару жүйесі мен формаларының, әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Менеджер — шаруашылықты ұйымдастыру мен шаруашылық басқару жағынан арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы. Ол өз әрекетінде мүліктік жауапкершілікті мойына алмайды. Яғни оның сөзсіз тәуекелге баруы өзінің басқару орнынан айрылу деген сөз.
Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары. Кәсіпкер іс-қимылы мен тұрмыс-жағдайы, мінез-құлқына қарай екі түрге бөлінеді: Біріншісі — бұрынғы классикалық кәсіпкерлік — шаруашылықтың (кәсіпорын, фирма) қолда бар ішкі ресурстарын тиімді пайдалана отырып, нәтижелі әрекет жасайтын кәсіпкер. Екіншісі — қазіргі өтпелі кезеңде әрекет жасайтын кәсіпкерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес, әртүрлі (ішкі және сыртқы) мүмкіндікті пайдалану арқылы әрекет жасайды. Олар пайда көзінің жеткіліксіздігіне қарамастан, талмай іздеудің мүмкіндікті пайдалану арқылы сол кеңістікте бар барлық мүмкіндіктерді орынды және ұтымды пайдаланудың баламалы жолдарын қарастырады.
Кәсіпкерлік ұйымдастыру — құқықтық жағынан: жекедара кә-сіпкерлік, компаниялар және серіктестік болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жеке-дара кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың біршама шарттары бар. Бұлар мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдік және нарықтық қарым-қатынастардың барлық өкілдеріне занда ескертілген жәйттерден тыс жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтың қажетті инфрақұрылымның қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық болуы; бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке қарсы баптарын алып тастау, сондай-ақ, қажетті баптар мен жаңа заңдарды қабылдау тәрізді шарттардан тұрады.
Бұл кәзіргі заманғы классикалық кәсіпкерлікті жолға қою шарттары. Әрине, мәдениетті, өркениетті кәсіпкер болу оңай емес, ол көп уақытты, көп ізденісті, мол тәжірибені қажет етеді. Сондықтан да бұлар, Батыс елдерінде «бизнес» дегеніміз өнер деген қанатты сөз кеңінен тараған.
Қазіргі нарықты экономикаға көшу кезінде дербес еңбекпен айналысуға занды түрде рұқсат берілген. Әр адам өз еңбегіне негізделген шаруашылық жүргізу үшін өндіріс құрал-жабдықтарына, өндірілген өнімге, одан түскен табыстар мен әр түрлі мүліктерге заңды ие болуына құқығы бар.
Компания. Сіз өз белсенділігініз арқылы кәсіпкерлік әрекетке табысты боларынызды сезіне түстініз делік. Енді кәсіпкерлік әрекетінізді ұлғайтуда ойластыра бастайсыз. Әрине, ол үшін сізге ғимарат, құрал-жабдықтар, көп мөлшердегі сапалы шикізаттар қажет. Тағы да банктен кредит алуға талаптануға болады. Бірақ банк сізден кепілдік немесе мүліктік салымды талап етеді. Осы жағдай байланысты қайбірде кәсіпкерлікпен айналысуға қабілетін бар басқа адамды шақыруға да болады. Соның нәтижесінде жеке меншік фирма компанияға айналады, яғни капиталы — бірнеше дербес мүлік иелерінің бірлескен меншігіне негізделген фирма пайда болады.
Мұндай компаниялардағы капитал — аталған компанияға қатысатын мүшелерінің қосқан жарналарынан құралады. Олар: ақшалай, мүліктік, патенттік, авторлық немесе басқа да құқықтық және т.б. әр түрлі формада болуы мүмкін. Олардың барлығында компания мүшелерінің өзара келісімдері бойынша ақшала бағаланады. Сөйтіп компания капиталында оның әрбір мүшесінің өзіндік үлестері болады.
Серіктестік — үлестері әр түрлі формалы және оның құрамынан шыққан кезінде сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке араласатын шағын компаниялар болып табылады.
Серіктестік дегеніміз — бірнеше адамның немесе занды тұлғалардың бірлесе кәсіпшілік жасауы. Серіктестіктің мынадай түрлері бар: а) толық серіктестік (серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері өздерінің барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікке болады); ә) коммандитті серіктестік немесе «сенім артқан серіктестік». Мұнда серіктестік мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болатындықтан, басқару ісіне араласпайды; б) шектелген жауапкершіліктегі серіктестік. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады; в) қосымша жауапкершіліктегі серістестік. Яғни, бұл жерде серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде, ал жанарлары жетпей қалаған жағдайда өз мүліктерінің жарнаға тең көлемінде қосымша жауапкершілікте болады; г) серіктестіктердің тағы бір ерекше түрі — акционерлік қоғамдар деп аталады. Бұл қаржысы акцияларды сату арқылы жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда есепбінен дивиденд беріп отыратын серіктестіктер.
Экономикалық мағынада акцияны қалай түсінуге болады?
Акция — бұл оның иесі акионерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы бар екенін растайтын бағалы қағаз. Акционердің өз акциясына алып отыратын табысы дивиденд деп аталады.
Қарапайым акция акционерлік қоғамның өз арасында бөлуге арналған пайданың бір бөлігінен дивиденд алуға құқық береді. Сонымен бірге, акцияның бұл түрі акционерлердің жиналысында қатысуға және бір дауысқа құқық береді. Біздің мысалда барлық акциялардың номиналдық құны бірдей болғандықтан, әрбір акция тепе-тең дивиденд әкеледі және олар акционерлердің жиналысында бір ғана дауысқа ие. Шын мәнінде, қоғам басқарушысы мен қарамағындағы кәсіпорын иесі — акционерлер жиналысыңца оларға акцияның көп дауыс беретін санын иемденетін ұйымдастырушылары болып саналады. Әдетте акционерлік қоғамды құрушылар — банк немесе ірі өздерінде бақылау пакетін, яғни, бүкіл акционерлік қоғамды бақылауында ұстап отыруға мүмкіндік беретіндей мөлшерде акциялар қалдырады.
Акциялар құнды қағаз нарықтарына — қор биржаларында сатылады және сатып алынады. Бірақ акция бағасы (акция курсы) әдетте осы құжатта көрсетілген ақша сомасына сай келе бермейді. Акция бағасы дивидендтің мөлшері мен процентінің мөлшерлеріне байланысты болып және өзінің иесіне ақша салғаны үшін дивиденд сияқты табыс алуды қамтамасыз ете алатын ақша сомасына сай келеді. Айталық, 100 долларлық акцияға 4 доллар дивиденд төленеді, ал банктер салынған ақша үшін 2 процент төлейді екен делік. Мұндай жағдайда акция бағасы:
дивиденд 4доллар
«100- »100 = 200 доллар оолады.
банк проценті 2
Көріп отырганымыздай, акцияның нақгы багасы оның өзінде көрсетілген мөлшердегіден көтеріңкі болуы мүмкін. Ал егер диви-денд банк процентінен кем болса, онда акция бағасының төмен бо-луы да мүмкін.
Акция бағасында дивиденд ыкдал жасайтын болғандықган, акция курсы, әдетте, акционерлік компаниялардың өндірістік қыз-метінің жайын білдіреді. Сонымен, бірге акция курсы саясат сала-сындағы, әсіресе, экономикаға әсер ететін өзгерістерді сезгіш келе-ді. Міне, осылайша қор биржалары — капиталистік елдердегі саяси және экономикалық өмірдің «барометрі» деп аталуы осыдан айқын көрінеді.
Сондай-ақ, қарапайым акциядан тыс ерекше акцияларда шы-ғарылады. Және олар өзіндік айырмашылыкдармен сипатталады. Қарапайым акцияларға түсетін дивидендтің мөлшері, біріншіден, шаруашылық жылының нәтижесіне тәуелді болса, (акционерлер арасында бөлінетін пайда бірде көп, бірде аз болуы мүмкін) ерекше акцияларт нақты белгіленген дивиденд анықталады (ол акция банкісінде көрсетілген). Бұл жағдайдағы дивиденд — акцияның номиналдың қүнына сәйкес процентпен анықталады және оны қан-дай жағдайда болсын, кемітуге жол берілмейді. Дивиденд қашанда ең әуелі акцияларға (пайда жеткіліксіз болған жағдайда, резервті қорды қолданады), содан кейін гана қарапайым акцияларға төлене-ді. Екіншіден, ерекше акциялар иелерінің акционерлер жиналысын-да дауыс беруге құқығы жоқ.
Кәсіпкерлік әрекеттің негізгі үйымдастыру-құқықгық форма-ларын жоғарыда қарастырып өттік. Ендігі жерде одан кәсіпкер-ліктің ұйымдастыру-экономикалық формаларын айыра білуіміз қа-жет. Бұл кәсіпкерлер арасындағы өңдірістік әрекетті үйымдастыруға байланысты көрініс береді. Сол арқылы кәсіпорындарды ұйымдас-тыру мен олардың даму жолдарын кдрастыра
1.2. Еркін кәсіпкерлік пен оның түрлері.
Жеке меншік еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Еркін кәсіпкер-лік дегеніміз, жеке кәсіпшінің немесе кәсіпорынның өндірістік қорларды керегінше сатып алуға, қалауынша тауар өндіруге немесе Іфізмет көрсетуге және тауарлары мен қызметтерін еркін бағамен сатуға хұкдылық. Кәсіпкерлерге қалаган салада кәсіппен айналы-суға үкіметтің немесе жергілікті әкімшіліктің ешқандай жасанды кедергілері бөгет бола алмайды.
Талдау еркіншілігіне кәсіпкерлердің өндірістік ресурстары мен қаржыларын қалауынша пайдаланута еркіндігі, жұмыскерлердің өз мамандықгар мен қабілеттеріне қарай еңбектің қалаған түрімен шү-ғылдануларына еріктіліктері сатып алуға еріктері жатады. Бүлардың ішінде ең маңыздысы түтынушының еркіншілігі. Нарықгы эконо-микада түтынушы ерекше жағдайда болады, белгілі мағынада ол тәуелсіз. Ал кәсіпкерлерді алсақ, олар түтынушыларға тәуелді, со-лардың қажеттерін өтеу істеріне бағыт беріп отырады. Сондай-ақ, жұмыскерлердің тәуелсіз таңдау еркіншіліктері «тәуелді еркіншілік-ке» айналады.
Әркім өз пайдасын ойлануына байланысты тандау еркіншілігі жүзеге асады да, нарықгың негізгі болып саналатын бәсекені туды-рады. Бәсеке бар жерде тауарлар қажетінше өндіріледі, олардың са-палары жақсарады және бағалары төмендейді. Бұл, әрине, тұтыну-шылардың ойынан шығатын жағдайлар. Бәсекенің мәні экономи-калық биліктің бір қолда болмай, көптеген өндірушілер мен тұты-нушылар көп болған жағдайда, не бір сатушы, не бір алушы өзі қа-лаған бағада тұра алмайды да, тауар бағасын нарық белгілейді. Са-тушы мен алушының дағдыры нарықгың қолында делінетіні осы-дан.
Үдайы өндірістің циклы өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыну кезендерінен тұратын болғандықган, кәсіпкерліктің өндірістік, ком-мерциялық және қаржы-несиелік түрлерін айыруға болады. Өнді-рістік кәсіпкерлік негізінен тауар өндірісі мен қызмет көрсету сала-ларын қамтыса, коммерциялық кәсіпкерлік оларды сатумен айна-лысады, ал қаржы-несиелік кәсіпкерлік ақша айналысымен шүғыл-данады. Бүлардың әр қайсы кәсіпкерліктің дербес түрі болғанымен, олар өзара тығыз байланысты және бірін бірі толықгырып отырады.
Өндірістік кәсіпкерліктің қызмет орны өндірістік кәсіпорын-дар болса, коммерциялық кәсіпкерлік сауда орындарында, ал қар-жы-несиелік кәсіпкерлік коммерциялық банктер мен қүнды қағаз-дар биржаларында жүргізіледі. Бүлардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері болады. Өндірістік кәсіпкерлікке тауар өндіру мен түрмыстық қызмет көрсету жатады. Мүнда кәсіпкер үшін өнім өн-діруді үйымдастыру негізгі қызмет болса, өндіріске қажетті ресурс-тарды сатып алу мен даяр өнімді сату көмекші қызметке жатады. Іске кіріспей тұрып кәсіпкер өндірістің қай саласына капиталын салатынын, қандай тауарлар мен қызметтерге сүраныстың барын аныісгап алады. Қарекетінің екінші кезеңінде ол тауар биржасы ар-қылы болашақ өнімін алушылармен келісім-шарттарға отырады. Әрине, өндірістің көлемі шағын болса, кәсіпкер тәуекелге бел бай-лап, шартсыз-ақ өндірісін бастай береді.
Ісін бастау үшін косіпкерге қолда бар өндірістік мүмкіншілік-термен қатар басқа мекемемелердің (қүрылыс, жабдықгау, көлік,байланыс, т.б.) қызметтерін пайдалану қажет болады. Олардың қыз-меттерін кәсіпкер жалдайды. Сондай-ақ, өнімінің бастапқы тобы сатылғанша кәсіпкерге уақытша қаржы қажет болуы мүмкін, сон-дықтан ол коммерциялық банктен несие сұрауға мәжбүр болады. Өнімі көтерме саудамен өткізіледі де, кәсіпкердің есеп-шотына қаржы түседі. Басқа мекемелердің қызметтері мен банктің несиесі сол қаржымен өтеледі. Кәсіпкерді бүдан басқа да төлемдер күтетіні белгілі: әртүрлі салықтар, қорларга көмектесу, айып төлеу, т.б.
Кәсіпкерліктің нәтюкесі барлық төлемдерден қалған таза табыспен, яғни түскен пайданың мөлшерімен белгіленеді. Пайда-ның мөлшері ақшадай кіріс пен өндіріс шыгындарының арасын-дағы айырмашылықпен анықгалады. Кәсіпкердің пайдасы екі өл-шемнен белгіленеді: бірі — жалпы немесе баланстық пайда, екіншісі — таза немесе қалдық пайда. Жалпы пайда кәсіпорын табысынан өндірістік шыгындардың орнын толтырғаннан қалатын пайда бол-са, таза пайда жалпы пайдадан салықгар мен басқа да төлемдерді бергеннен қалатын қалдық пайда. Өндірістік тиімділігін таза пайда-ны өндіріс шығындарына бөлу аркылы аныкгайды, оны кәсіпорын-ның рентабельдігі деп атайды.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі қызметі тауар алып-сату. Сондықтан мүндай кәсіппен шүғылданушыларды саудагерлер деп атайды. Сауда орындарын жекешелендіруге байланысты, коммер-циялық кәсіпкерлік басым болады да, саудагерлік кәсіптің завды түрі болып саналады. Коммерциялық кәсіпшілікке мынадай қыз-меттер жатады:
1) тауарларды сатып алып қайта сату және тасымалдау үшін,
сондай-ақ делдалдық және жарнамалық қызметтерге жүмыскерлер
жалдау;
2) тауарларды сактау және сату үшін қажетті қоймалар мен
дүкендер салу немесе жалға алу;
3) коммерциялық банктен тауар сатып алу үшін несие алу жә-
не оны процентімен қайтару;
4) түтынушыларға тауарды бөлшектеп сату;
5) салық пен басқа да төлемдерді төлеп отыру, т.б.
Қаржы-несиелік кәсіпкерліктің ерекшелігі сол, мүнда акдіа
мен басқа да қүнды қағаздар сатылып-алынады. Бүл нарықтың бел-сенді әукілдері коммерциялық банктер, қаржы биржалары, сантан-дыру қоғамдары мен басқа да қаржы-несие мекемелері. Мүнда да әуел баста акдіаның, валютаның, басқа да қүнды қағаздардың са-тып алушылары болжанады және ондай көлемде үсынылатын ақша мен қүнды қағаздардың қайнар көздері қарастырылады.
Кәсіпкерлік қашанда тәуекелділікпен байланысты. Нарық қа-тысушыларына қашанда еркіндік береді, ал оның төлеуі болады. Бір кәсіпкердің еркіндігі басқа кәсіпкер мен түтынушылардың еркіндіктеріне нүқсан келтірмейтін болуы керек, өйткені соңғылар оның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін қабылдау-қабылдамауға, олардың баға және тарифтерімен келісу-келіспеуге ерікті. Нарықтық қатынастарға қосылушылардың әрқайсы өз пайдасын ойлайды, біреудің олжасы екінші біреулерге зиян болып тиуі мүмкін. Айта-лық, бір тауарды сату-алуды оған қатысушы екі жақ бірдей үгпай-ды: бірі үгқанда, екіншісі соншалық үтылады. Сонымен қатар қай кәсіпкер болмасын бәсекелесін нарықган ығыстырып, өзіне молы-рақ түтынушылар тартпақ болады. Сондықтан кәсіпкерлік қашанда белгісіздік пен тәуекелдіксіз болмайды. Кәсіпкер тәуекелдіктен бас тартпай, оның әсерін шектен шығармауға тырысады. Кәсіпкер өзі-нің ісіне қатаң жауапкершілікпен қарайды. Демек, кәсіпкерге қауъш-қатерлердің қайсы бірінен ресми түрде сақгануға болады. Мысалы, сақгандыру қоғамдары арқылы кәсіпорын мүліктерін сақ-тандыруға мүмкіндік бар.
Мүндай жағдайда кәсіподакгардың маңызы көтеріледі. Олар мен кәсіпкерлер арасында келісім-шарттар жасалып, онда еңбек ету жағдайына қойылатын талаптар да өседі. Мысалы, кәсіпорынның рентабельдігі өскен сайын жұмыскерлердің жалақысы да көтерілуге тиіс. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлерінің өмірі мен денсаулы-ғын қауыпсіздендіруге міндетті болады. Мұндай келісім-шарттар-дың орындалуын кәсіподақгар қадағалап отырады.
1.3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
Фирма нарықгық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкер-ліісгің үш түрін атап кетуге болады:
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
• серіктестік;
• корпорация (акционерлік қогам).
Индивидуалдъщ кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек бол-майды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі — капи-талының аз мөлшерде болуы. Артыкдіылықгары: меншік иесінің әркдйсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болма-сын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен занды түлға болмайды. Сондықган ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бүл форма-сы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
Серіктестік дегеніміз екі және одан да көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да занды тұлга емес, сондықган табыс са-лығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына Іпексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қо-сымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктер:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-
лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын
жетіле түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шыгыстарындағы бірге тапқан мүлік-
терді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы.
Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сфера-
сының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында
үйымдастырылады.
Акционерлік қогам. Мәселені баяндамас бүрын әуелі акцио-нерлік қоғам туралы бірер ауыз сөз айта кетуге болады. Мүнда еске салатын жайт: бүрынғы КСРО-да ақционерлік қоғам сонау 20-шы жылдары пайда болған еді. Олар Мемлекеттік және аралас (мемлекеттік жекеменшіктік және мемлекеттік-кооперативтік) кә-сіпорындар негізінде сауда-өнеркәсіп салаларында әрекет етті. Ал соңыра, 1992 жылы 22 акционерлік қоғам қүрылды, осылайша 1925 жылдың басында оның жалпы саны 150 жетті. Бірақ әкімшілік-әміршілдік басқару жүесінің қалыптасуы мен тауар-акдіа қатынас-тарын шектеу акционерлік қоғамды жоюға әкеліп соқты. Ақыры 20 жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында аталған акционерлік ……