Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы

0

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………….3
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы ……………………………………………………………….5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ………………………………………………………………9
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау………………………………………..12
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау …………………………..17
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары…………………………….25
Қорытынды …………………………………………………………………………………………..28
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………………30

К І Р І С П Е
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.
Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:
— өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;
— ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.
Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді қамтаасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикаық тұрақтылықтың перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемеердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тіклей тәуелді.
Курстық жұмыстың мақсаты- банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шыу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері болып:
— Қазақстанның банк жүйесі мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;
— Орталық банктің дамуы мен қызметтерін қарастыру;
— коммерциялық банктердің дамуы мен қызметтерін қарастыру.
Курстық жұмыс екі бөлімнен: бірінші бөлімде банк жүйесінің теориялық негізі онда:банк жүйесінің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері, ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Орталық банк және оның қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы
Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3/.
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,
Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.
Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары елгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
Мұның өзі алғашқы бактердің капитализмнің мануфакиура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.
Ежелгі Римде нормалары болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен қызметтерінің банктедің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің дамуына кееті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:
Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік әне коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Осы кезеңдерді сипаттаманы келе келесі кестеден көруімізге болады.
Кесте 1
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға дейінгі банк жүйесі 1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі) 1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған банктер жүйесі) 1991 жылдан бастап (дербес екі денгейі банк жүйесі)
Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие банк мекемелері 1КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі).
2КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі.
3 КСРО Сыртқы сауда банкі. 1банк жүйесін қайта ұйымдаст-ыру:КСРО Мем-банкі және маманданды-рылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі, КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРО Жинақ банкі. КСРО Сыртқы экономика банкі.
2 Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыға мемлекеттердің барлығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші денгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші денгейіне клиентерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегендей олардың арлық жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және коммерциялық деп бөлу Қазақстан мемлекеттінің жаңа экономикалық механизімін құруға септігін тигізеді.
1.2 Банк жүйесінің құрылымы
«Қазақсатн республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі банк.
5. Шетелдер қатысушы банк — орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң — заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң — заңды тұлғаларының;
в) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.
Мемлекетаралық банк — халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.
Банк — осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі — әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық…….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!