Экологиялық демография | Скачать Материал

0

Экологиялық демография

Жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес, ауыз су
тапшылығы, демография мәселесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру,
экология мен қазақстандық білім беру жүйесінің бүгінгі ахуалы Қазақстан-
Ресей университеті Атырау бөлімінің ректоры, «АҚ ЖОЛ» КДП Атырау облыстық
филиалының басшысы Ғ.Муафих мырзамен өткізілген әңгімеде тілге тиек етілген
еді. — Ғалымтай Муафихұлы, ауыл дегенде алдымен оның тұрмыс-тіршілігі тілге
оралады. — Табиғи байлықтарды пайдаланудан түскен мемлекет табысының
тұрақты бір бөлігін ауылды әлеуметтік-экономикалық, экологиялық дағдарыстан
шығару мақсатына бөліп, сол арқылы қордаланып қалған өзекті мәселелерді
шешуге жұмсау керек. Ол үшін мемлекеттік құрылымдардың халық мүддесіне сай
әрекет етуіне мемлекеттік және қоғамдық бақылау күшейтілуге тиіс. Қылмыс
пен бұзақылыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді
жүргізілуі де аса маңызды. — Ауыл тақырыбына қатысты тағы қандай
проблемалар бар? — Ең негізгісі — ауылды газбен қамтамасыз ету. Сонымен
қатар ауыз су мәселесін шешу, автокөлік жолдарын жақсарту, дәрігерлік-
санитарлық торабын қайта қалпына келтіру, осы орайда салауатты өмір салты
мен санитарлық-гигиеналық тәрбиені, ұлттық мәдени және рухани құндылықтарды
насихаттау. Кез келген азаматтың дәрігерлік мекеменің тандауы және оларға
ең төменгі деңгейде белгіленген ақысыз қызмет көрсету құқығын қамтамасыз
ету керек. — Бүгінгі танда елдің әлеуметтік ахуалының тұралауына әкеп
соққан басты мәселенің бірі — жұмыссыздық. Сіздіңше, мұны шешудің төте
жолдары қандай? — Бұл үшін кәсіп көзі жоқ елді мекендерде мал өнімдерін
қабыддайтын және өндейтін шағын кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру және
оларды қолдау мақсатында бюджеттен бөлінетін ұзақ мерзімді, төменгі пайызды
несиелер көлемін ұлғайтқан дүрыс. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп,
еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту үшін облыс көлемінде шет
елдерден жұмысшы күшін әкелуге шектеу қойып, еңбекті қорғау зандарының
сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылау күшейтілуі тиіс. Зейнет жасына
толған әр-бір азаматқа еңбек еткен-етпегеніне қарамастан арнайы жәрдемақы
тағайындалғаны дүрыс. — Демография мәселесіне байланысты не айтасыз? —
Аналар мен балаларды қорғаудың нақты бағдарламасын қабылдап, әрбір жаңа
туылған нәрестеге (2005 және одан кейін туылған) жеке есепшот ашып, оған
Ұлттық қордың (инвестициялық табыстың) бір бөлігі аударылып, ол қаржыны
сәби кәмелеттік жасқа толғанда төлеу — демографиялық өсімнің кепілі. —
Қазақстандық білім беру саласына қатысты сыңды жиі естиміз. Оның себебі
неде? — Ол үшін білім беру саласына тиісті белгіленген мемлекеттік
стандарттарға сай сапалы білім беруді қамтамасыз ету қажет. Ел болашағы —
жастарға қоддау көрсетіп, кәсіпке баулу және кәсіби бағдар беруге
байланысты мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шараларды күшейту айтылар
сын-ескертпелердің аддын алады. Ал мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін
өсіріп, оларды бірте-бірте мемлекеттік қызметкер мәртебесіне дейін көтеру
білім беру саласының ажырамас бір бөлігі болып табылады. — Өкінішке қарай,
ел экологиясы да сын көтермейтін жағдайда… … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz