Грамматикалық категория — Қазақ тілі — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызметаткарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кен тараған. Шынында, Грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан Грамматикалың категорияның екі жақты сипаты көрінеді.[1]
Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде Грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жок.
Синтаксистік категориялар тұлғалардын сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде қалыптаскан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты элем тілдері бір-бірінен:
Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;
Бір Грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, казак тілінде — 7, кейбір дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);
Белгілі бір категориялардын қандай сөзтаптарына кіретініне қарай жіктеледі.
Грамматикалык құрылыстын тілдік бірлігі (единица) деген ұғым Грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде эр түрлі көзқарас бар. Біркатар ғалымдар грамматикалық құрылыстын тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын единицасы Грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан.[2]
Тағы қараныз:[өңдеу]