Ерте және кеш кезеңдерде жүктілікті жасанды үзу әдістері слайд,презентация
Ерте және кеш кезеңдерде жүктілікті жасанды үзу әдістері слайд,презентация
Кіріспе
Жүктілікті жасанды үзу.
Негізгі бөлім
Медициналық көрсеткіштер
Социальды көрсеткіштер
Ерте мерзімдегі және кеш мерзімдегі жүктілікті үзу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Жүктілікті жасанды үзуді кез келген мерзімде жүргізуге болады. Аборт деп 28 аптаға дейін үзілген жүктілікті айтады.
Аборттың (самопроизвольный) спонтанды және жасанды түрлері бар. Жасанды деп жүктілікті медициналық мекемеде, амбулаториялық жағдайда үзу. Ал ауруханадан тыс аборттар криминальды болып саналады.
БДСҰ ның мәліметі бойынша жыл сайын 30 млн әйел өз қалауымен жүктілікті тоқтатады. Сонымен қатар медициналық және социальдық көрсеткіштер де бар. I триместрдегі жүктілікті үзу үшін жатырды қыру, вакуум-аспирация және простогландиндер мен антипрогестеронды мифепристонмен жасанды үзу қажет. Ал II триместрдегі жүктілікті простогландиндерді экстра және интраамниальды енгізу және абдоминальды кесарево тілу.
12 аптаға дейін әйелге аборт өз қалауы бойынша да жасала береді, егер қарсы көрсеткіштер болмаса.
Аборт жасауға қарсы көрсеткіштерге: әйел жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары, әртүрлі инфекционды процесстер жатады. Осы патологияларды жойғаннан кейін ғана аборт жасалынады.
22 аптаға дейін кеш мерзімдерде аборт медициналық және социалдық көрсеткіштер бойынша жасалады.
Жүрек қантамыр жүйесі аурулары: эндокардит, жүрек клапандарының, миокардтың, перикардтың органикалық зақымданулары, гипертониялық ауру.
Гематологиялық аурулар: лейкоз, тромбоцитопениялық пурпура, прогрессирлеуші анемия, лимфагранулематоз.
Өкпе аурулары:бронхоэктазды ауру, бронхиальная астма, пневмосклероз.
Он екі елі ішек пен асқазан ойық жаралары, бауырдың созылмалы паренхиматозды зақымдануы, өттас ауруы, жиі асқынуларымен созылмалы холецистит.
Бүйрек аурулары: зәртас ауруы, бүйректің қабынулық, дегенеративті, склеротикалық өзгерістері, 1 бүйректің болмауы.
Эндокринді жүйе аурулары: тиреотоксикоз, қант диабеті.