Дипломдық жұмыс: Қаржы | Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Мазмұны
Кiрiспе……………………………………………………………….……………………… 4
I. Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
1.1. Салықтардың мәнi мен экономикалық мазмұны………..……. 6
1.2. Аймақтық бюджеттi қалыптастырудың экономикалық
маңызы……………………………………………………………….12
1.3. Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын
салық………………………………………………………………….17
II. Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтарды есептеу әдiстерi
2.1. Меншiк салығының объектiсi мен субъектiсi және салық
Салынбайтын айналым……………………………………………30
2.2. Меншiк салығының ставкалары…………………………………46
2.3 Меншiк салығын есептеу механизмi және нысанын
толтыру………..…………………………………………………… 51
III. Меншiк салығының аймақтық бюджеттегi үлес салмағы және жетiлдiру бағытындағы мәселелермен оны шешу жолдары
3.1. Меншiк салығының аймақтық бюджеттегi үлес салмағы…………………………………………………………………….86
3.2. Меншiк салығын жетiлдiру бағыттарына байланысты
мәселелер және шешу жолдары……………………………………8
Корытынды………………………………………………………………92
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………….. ………..97
Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң 28 ақпан 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан” халқымызға арналған жолдауында елiмiздiң 10 жылдық экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкіндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының “Казақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай “Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек.
Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң құрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады.
Мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi кiрiс көзiнiң көп бөлiгiн қамтитын салықтардың бiрi меншiкке салынатын салықтар болып табылады. Казақстан Республикасындағы меншiкке салынатын салық бюджетке түсу сомасы бойынша да маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, меншiк салығы ең кең тараған салық түрінiң бiрi. Ол жеке және заңды тұлғалараға қатысты болып табылады. Кез-келген жеке және заңды тұлға мiндеттi түрде салық төлеуi қажет. Салықтан тек жеңiлдiк берген кезде ғана босатылады. Сонымен қатар, меншiкке салынатын салық ең кең тараған және айтарлықтай салық салу түрімен қатар, салық салу механизмi ең күрделі және ең қиын түрі. Ал бұл салық салудың моделiнiң күрделігiне байланысты ғана анықталмай, осы салық реттелiп отыратын заңдылықтың ұрыс орындалмауына да байланысты анықталады. Яғни, бұл заңдылықтың қиындығын және қолдану мүмкіндiгiн салық төлеушiлер ғана емес, салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы бейхабар болуына байланысты, өз мұдделерiн қорғауларына мүмкіндiк болмайды.
Меншiкке салынатын салықтың кең таралуына және салық төлеушiмен мемлекет бюджетiне жалпы әсерiнiң айтарлықтай дәрежеде болуына байланысты, ол туралы заңдылықты бiлудiң қажеттiлiгi өте зор болып отыр, яғни бұл заңдылықты салық төлеуге мiндеттi салық төлеушiлер мен салық жинауға мiндеттi салық қызметi органының қызметкерлерi ғана емес, салықтың қатынасқа қатысатын кез-келген субьектi бiлуi қажет.
Дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес мен аймақтық бюджеттiң қалыптасуындағы меншiкке салынатын салығы бойынша барлық теориялық iлiмдердi, салық салу механизмiн, меншiк салығының кемшiлiктерi мен ерекшелiктерi, салық салуды жетiлдiру үшін қажеттi шарттарды, меншiк салығын жетiлдiру жолдарын аймақтық мәлiметтер мен экономикалық әдебиеттер төңiрегiнде жазып, талдаулар жасадым.
1-тарау. Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке
салынатын салықтың экономикалық мазмұны
1.1. Салықтардың мәнi мен экономикалық мазмұны
Салық – құрылған және анықталған заңмен белгiленген тәртiп бойынша, мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субъектi табысының бiр бөлiгi.
Салық салу – бұл табысты және қайнар көздердi, мемлекеттiк құралдарды толықтыру үшін реттеушi құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасырлар бойы өмiр сұредi, салық салу қағидасын iздеудi алғаш рет А.Смит қалыптастырған. Салықтар шаруашылық жүргізушi субьектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сондай-ақ олардың белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап-жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi.
Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен тұскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден, салықтың мәнi салық табыс мөлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың қызметiне тiкелей қатысты.
Дүниежүзiлiк тәжiрибе бойынша салықтардың бiрнеше қызметтерi бар:
— фискалдық функция;
— бөлу функциясы;
— реттеушiлiк функциясы;
— бақылау функциясы;
— қолдау және мадақтау функциясы.
Салықтардың фискалды немесе бюджеттiк қызметi ең негiзгi қызмет болып табылады. Бұл қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi артады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк әскери-қорғаныс, тағы да басқа шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Жалпы Фискон латын сөзi, қазақша Себет деген мағынаны бiлдiредi.
Бөлу қызметi — салықтардың көмегiмен мемлекеттiң қоғамдық табысты халықтың әртұрлi топтары арасында бөлiнуiн айтамыз. Бөлу функциясының жүзеге асрылуынадағы салықтарға прогрессивтi салық ставкалары және тағы да басқалар жатады.
Салықтардың реттеушiлiк қызметi арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигiзедi, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудiң ең басты маңызы өндiрiстiң дамуына ықпал ету. Салық түрлерi, салық ставкалары, салық жеңiлдiктерi, салық салу әдiстерi салықтық реттеудiң тетiктерi болып саналды.
Жоғарыда аталған салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк инвесторлары ынталандыру, шағын және кiшi кәсiпкерлiктi дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетiктерiмен тығыз байланысты болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерiнiң алатын орны ерекше себебi ғылыми негiзделмеген шектен тыс жоғары қойылған ставкалары кәсiпкерлердiң ынтасын төмендеттi, өндiрiстiк қарқынын бәсеңдеттi, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгiн азайтып өндiрiстiң төмендеуiне және мемлкеттiң бюджет кiрiсiнiң азайуына әкелiп соқтырды. Реттеушiлiк қызметi өзi екi функциядан тұрады:
— ынталандыру- мемлекетке тиiмдi өндiрiстердi салық ставкасын төмендету немесе жеңiлдiктер беру арқылы дамуына немесе кеңеюiне жағдай жасау;
— шектеу-мемлекетке тиiмсiз кәсiпорындарды салық ставкiлерiн жоғарлату арқылы дамуына, кеңеюiне шектеу жасау.
Бақылау қызметi-салықтардың көмегiмен мемлекет салық төлеушi заңды және жеке тұлғалардың кез келген қайнар көздерiнен тапқан табыстарына, жұмсалған шығындарына, айналысатын шаруашылық қызметiне бақылау жасап отыруы болып табылады. Бұл қызмет салықтық декларация арқылы жүзеге асырлады.
Колдау немесе мадақтау қызметi: Кез –келген мемлекеттi қоғам алдына ерекше еңбегi сiңген азаматтар категориялары бар. Бұл азаматтарға мемлекет қандай жағдай болмасын қолдау жасап отыруы қажет. Бұл қолдау қызметi салықтық жеңiлдiктер және салықтан толық босатулар арқылы жүзеге асырылады (еңбек ерi, ұлы Отан соғысының ардагерлерi, көп балалы аналар). Мемлекет мына жоғарыда көрсетiлген салықтардың қызметiн пайдалана отырып елiмiздiң салық жүйесiн анықтайды. Салық механизiмiнiң қызмет ету жолдарын белгiлейдi. Жалпы экономикалық саясатты негiзге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салықтар мен салық салу жүйесi өзара қарым-қатынасытағы әртұрлi элементтен тұрады. Бұл салықтың элементтерiне келесiлер жатады.
— салық обьектiсi-табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және тағы да басқалар;
— салық субьектiсi заң бойынша салық төлеу мiндетi жұктелген жеке заңды тұлғалар;
— салық көзi-салық салынатын табыс;
— салық ставкасы өлшем бiрлiкпен алынатын салық мөлшерi.
Ставкалар құрақты және проценттiк болып бөлiнедi.
Құрақты ставкалар салық обьектiсiнен тұсетiн табыстың мөлшерiне байланыссыз өлшем бiрлiгiне құрақты сомамен тағайындалады.
Ал проценттiк ставкалар 3 тұрге бөлiнедi:
— ұдемелi немесе прогрессивтi ставкалар салық салынатын табыстың өсуiне сәйкес ұдайы, ұдеп өсiп отырады;
— регрессивтi ставкалар керiсiнше, салық салынатын табыстың төмендеуiне сәйкес азайып отырады;
— пропорционалды ставкалар салық салу обьектiсiнiң мөлшерiне байланыссыз құрақты 1%-пен тағайындалады;
— салық оклады салық төлеушiнiң белгiлi-бiр салық обьектiсiне төлейтiн салық самасы;
— салық жеңiлдiктерi заңға сәйкес салық төлеушiнi бiртiндеп немесе салық төлеуден тұгел босату. Салық жеңiлдiктерiне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум шегерiстер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзiмiн ұзарту жатады;
— салық төлеу мерзiмi-салық төленетiн уақыт;
— салық төлеу тәртiбi белгiлi-бiр мерзiмде салықты төлер кезiнде, алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керектiгiн, яғни төлеу кезiнде белгiлi-бiр дәйектiлiктi белгiлейдi. Салық төлеудегi дәйектiлiк заң жүзiнде бекiтiледi де, келесi тәртiппен жүзеге асырылады:
— барлық мүлікке салынатын салық төленедi, содан кейiн акциздер мен баж салығы төленедi;
— жергiдiктi салымдар мен алымдар;
— басқа да салықтар мен алымдар төленедi;
— салық төлеушiлер мен салық қызметi органдарының құқықтығы мен мiндеттерi-салық заңдары арқылы белгiленедi және реттеледi;
— салықтың төленуiн бақылау және салық заңдарын бұзғаны үшін белгiленетiн салықтық жазалар.
Кез-келген мемлекетке салықтардың көп тұрлi болуына байланысты олардың белгiлерiне қарай салықтарды келесiдей түрде жiктеймiз:
— салық салу әдiсi бойынша;
— салық төлеушi субьектiге байланысты;
— салықтардың бюджетке аударылуына қарай;
— салықтардың бағытты мақсатарына қарай.
Салық салу әдiсi бойынша салықтарды тiкелей және жанама тұрге бөлемiз.
Тiкелей салықтар – тiкелей салық төлеушiден немесе тiкелей табыстан, мүліктен Ұсталынатын салық болып табылады. Тiкелей салық табыс алушыларға мүлік иелерiне, тiкелей салына бередi.
Тiкелей салық:
-халықтың табыс салығы;
-кәсiпорын табысына салық;
-капитал өсiмiне салық;
-мұрагерлiк пен сыйға тартуға; …