Ас тұзы слайд,презентация
Ас тұзы слайд,презентация
Табиғатта галит минералы (тас тұзы) түрінде, мұхиттар мен теңіз, сондай-ақ көл және жер асты суларының құрамында кездеседі.
Ас тұзы кендері тұзды көлдер, қазба тұздаржәне жер асты тұзды сулары болып үшке бөлінеді. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий маңы ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Қазба Ас тұзы кендері аридтік климат жағдайларында, теңіз қолтықтары мен теңізден бөлінген шығанақтардағы тұзға бай сулардың буланып суалуынан, тұздардың қайта кристалдануы мен шөгуі нәтижесінде қалыптасқан. Сондай-ақ қазба тұздар тұнба түрінде кейбір тұзды көлдерде (Басқұншақ, Индер) және осы күнгі теңізге жақын көлдер мен қолтықтарда (Каспийдегі Қарабұғаз, Аралдағы Жақсықылыш) кездеседі. Олардағы тұз массасы жылжымалы тепе-теңдік күйде болатын тұзды судан, тұздықтан және қатты тұздан тұрады. Тұз шоғырлары әдетте қабат, линза, шток түрінде түзілген. Жер асты тұзды сулары (тұздықтар) тау жыныстары құрамындағы тұздардың үздіксіз еріп аса қанығуынан пайда болады.
NaCІ — түссіз кристалды зат
Балқу 8010С, қайнау 14130С, тығызд. 2,161 г/см3 (200С)
Суда, сұйық аммиакта, спирттерде, этиленгликолда, құмырсқа қышқылында ериді, ал тұз қышқылында ерімейді.
Судағы қаныққан ерітіндісі (28,41г NaCІ) 108,70С темп-рада қайнайды.
Ас тұзы кендерінен тұз өндіру ашық және жер асты кен қазу тәсілдермен не бұрғылау ұңғымалары арқылы су айдап еріту және судағы тұзды тұндыру арқылы жүргізіледі. Тұзды көлдердегі ас тұзы табиғи тұнбадан не арнаулы бассейндерде тұзды суды суалту арқылы алынады.]
Әлі күнге дейін бірқатар елдер тек тасты тұзды,қалғандарында күннің астында парлау арқылы алынған тұзды қолдануда. Тұзды алу техникасы мен әдістері, ал ең маңыздысы оның сапасы, жылына бірнеше жүздеген тоннадан аспас тұзды алуға мүмкіндік беретін өте қарапайым кәсіптен жылына миллиондаған тонна тұз өндіретін, толығымен автоматтандырылған аса ірі заводтарға дейін қатты ауытқиды.Жыл санап адам саны мен өнеркәсіптің дамуы өсуде, бұл тұзға деген сұранысты өсіреді. Егер адамдарды санамасақ, онда тұздың негізгі тұтынушылары оны сілті өндірісі үшін қолданатын химиялық өнеркәсіп болып табылады. Әрине дамыған елдерде өнеркәсіптік сұраныс ас тұзына деген сұраныстан бірнеше есе асады. Мысалы, АҚШ-та барлық алынатын тұздың 97% (40 миллион тоннадай) асқа емес, басқа қажеттіліктерге жұмсалады. Дамушы елдерде өнеркәсіптік мақсаттар үшін тұзға деген сұраныс соңғы жылдарда ғана байқалады. Бұл елдерде, керісінше, тұздың 90% дейін халықпен қолданылады.