Ақан сері өмірі мен шығармашылығы ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

І. Сабақтың  тақырыбы :   Ақан сері өмірі мен  шығармашылығы   
                                                                  
ІІ. Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік :Ақан сері поэзиясын оқу арқылы қазақ мәдениетінің, өнерінің қаншалықты дәрежеде болғанын, нұсқаусыз – ақ өз өнерлерін  дамытып, таратқанын, театр, мәдениет үйінсіз – ақ көрсете білгенін түсіндіру;
2.  Дамытушылық : Өз беттерімен ойлану, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету.
3. Тәрбиелік .  Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы
Сабақтың типі : Бекіту сабағы 
Сабақтың әдісі : топтық жұмыс, зерттеу,салыстыру,пікір айту
Пәнаралық байланыс:  Тарих, музыка, өнер  
ІІІ. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
          Сынып  оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.
           Бүгінгі сабағымыздың ұраны :
Біле бер ,қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
                                  Жүсіп Баласағұн  
2. Өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында  топтастыру арқылы серілерге тән ортақ қасиеттерді анықтап алайық.
               
           Өнерл і               сұлулықты сүйеді       ел еркесі 

 

 Күйкі тірлікпен
    Бесаспап
айналыспайды

сәнді киінеді      сұңқар тамақты 
    әнші ,күйші,сазгер

— ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қандай әнші-      
  ақындарды білесіңдер ?
-Олардың шығармаларының негізгі тақырыбы не жайында болған?
-Сал мен сері сөздерінің арасында айырмашылық бар ма ?
-Сал- серілік дәстүрдің негізін салушылар кімдер ?

3. Сабақтың негізгі бөлімі 
Сынып төрт топқа бөлінген,алдын –ала тапсырма берілген. Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.  
І топ  « Ауылым қонған Сырымбет саласына » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу )
ІІ топ    «  Егіліп әндеріне сөзін тыңдап …» ( Ақан әндері ,оның шығу тарихы)
ІІІ топ  « Сегіз қырлы, бір сырлы »   ( Ақан бойындағы қасиеттер )
ІV топ «  Тұсында сері болсын, пері болсын  ,
                 Ұнайды өнерімен Ақан маған  » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын-жазушылар )
 І топ 
ХІХ  ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақтың  әнші-ақындарының  көрнекті өкілдерінің бірі- Ақан сері Қорамсаұлы. 
  Ақан 1843 жылы қазіргі Ақмола облысы ,Қоскөл деген жерде  туған. Шын аты- Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп Ақан деп атап кеткен.  Ақан білімді, орыс ,татар, шағатай тілдеріне жүйрік. Әншілік шеберлігі жоғары . Онымен қоса жоғары  талғам иесі, жүйрік атты, қыран құсты, құмай тазыны ұстап, баптай білген ,саяткер болған.Ақан шығармаларын  тану үшін  тақырып  жағынан 3 топқа бөліп жіктеуге болады.
Жастық .Махаббат. Адами сезімдер    Саятшылық. Атбегілік    Әлеуметтік
Балқадиша,Сырымбет,Құлагер,Қыз сипаты, Сүйген қалқа, Көңіл тілегі, Достарыма, Жігіт сипаты, Жайықтың ақ түлкісі аралдағы т.б    Мылтық пен мергеншілік, Торыны таң асырып мінген қандай ,Құлагер     Барабар крестьянға тең болмадық, Заман адамы, Заманға қарап 

ІІ топ 
   Ақан сері – сегіз қырлы , бір сырлы , ұлы талант иесі. Ақанның шығармашылық өнері- тазалықтың,әсемдіктің көрінісі.Ол жай ғана ақын емес,әнші – ақын,өзі шығарған  өлеңін өзі  әнге салып,домбырада ойнап, өзі орындаған. 
 Ақанның « Мақпал», « Ақмарал», « Зағипа », « Балқадиша», « Сырымбет », « Қараторғай», « Маңмаңгер » 
, « Нәзік гүл » т.б әндері қазақ арасында кең таралған. 
 ( Осы жерде « Балқадиша », « Сырымбет », « Үш тоты » әндерінің  шығу тарихын айтады )
« Балқадиша » әнін тыңдайды.
ІІІ топ 
Ақан ел есінде  ақын ,әнші ,сазгер ретінде ғана қалған жоқ, ол атбегілік, құсбегілік, аңшылық, саятшылық өнерімен де  танымал болған. 
Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен  сәйгүлігі – Құлагер  еді. 
( Осы жерде оның Құлагерді Шөкетай деген кісіден сатып алғанын, оны ерекше баптап , бағып күткенін, С.Жүнісовтың романынан үзінді келтіріп, айтып кетеді ) 
VІ топ 
Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын- жазушылар да аз емес . Мысалы  : Сәкен Жүнісовтың « Ақан сері » романы,  Ілияс Жансүгіровтың « Құлагер » поэмасы ,  Ғабит Мүсіреповтың « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасы, Фариза Оңғарсынованың  « Ақан сері » өлеңі , Мұратбек Жоламановтың « Құлагер тағдыр » картинасы , «  Құлагер » фильмі .
(  Әр шығарма жайлы қысқаша түсінік беріледі  , « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасынан үзінді- көрініс қойылады ) 

4. Сабақты қорытындылау 
    Балалар , жаңағы 4 топтың  ізденіс жұмыстарын қорытындылап, бір арнаға тоғыстыру мақсатында  Ой толғау жазайық . Мына екі тақырыптың біріне жазуға болады :
1)    Сегіз қырлы , бір сырлы  Ақан аға !
2)     Мен сенің өнеріңе табынамын ! 
5. Айтарым бар 
  Сендердің ойларыңша , қазіргі таңда нағыз, сері жігіттер қандай болу 
керек ? 
6.    Бағалау 
7.    Үйге тапсырма :   Ақан  өлеңдерін жаттау 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!