Ағылшын тілінде сын есім слайд,презентация
Ағылшын тілінде сын есім слайд,презентация
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі-дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп көрсетілгеніндей, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас тұлғаны білім беру арқылы дамыту әрбір ұстаздың алдында тұрған міндеті деп ойлаймын.
Қазақ тілді мектептерде ағылшын тілін оқытудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқушы шет тілін дұрыс меңгеру үшін оның өз ана тіліндегі біліміне сүйенгені жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықта-рын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Лингвистикалық тұрғыдан қарасақ, қазақ тілі түркі тілдер тобына, ал ағылшын тілі герман тілдер тобына жатады екен.
Дегенмен, екі тілдің грамматикалық жағынан кейбір ұқсастықтары да кездеседі.
Мысалы, сын есімді алып қарастырайық. Бұл сөз табы қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де бар ұғым.
Ағылшын тіліндегі сын есім қазақ тіліндегідей
анықтамаға ие, яғни заттың сипатын, сынын,
сапасын білдіреді.
Мысалы: big house- үлкен үй, red dress – қызыл
көйлек , young man – жас кісі
Қатыстық сын есімдерде шырайлар түрі
жоқ, үстеулермен қолданылмайды.
Сапалық сын есімдер жай шырайда, салыстыр-
малы шырайда және күшейтпелі шырайда болады,
үстеулермен қолданылады: very, too, so, rather,
fairly, very big – өте үлкен