18 қазан рухани келісім күні, діни келісім бірлік пен тұрақтылық

0

18 Қазан — Рухани келісім күні
Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі
Білімдік мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сеним бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы тусінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқулық мәтінімен қосымша мәліметтерді пайдалану, ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше
алу, өз ойларын айту,
Тәрбиелік мақсаты: Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін
саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамада тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу
Түрі: Жаңа білім беру
Әдісі: СТО технологиясы.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30. 08. 1995
14, 19, 20, 22 — бап.
1. 1 Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктері туралы» заңы 1992ж.
2. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшысының съездері, материалдары.
3. Н. Ә. Назарбаев Сындарлы он жыл. А, Атамұра 2003
4. Видео материалдар
«Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, сондықтан бізге діни фанатизм мен шыдамсыздық тән емес. Бұл рухани дәстүр, бұл кез келген құдай сөзіне жақындыққа жол ашу – Қазақстандағы дінаралық келісімнің басты негізі.»
Н. Ә. Назарбаев

1. Қызығушылығын ояту.
Зайырлы, толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі.
II. Мағынаны тану.
«3 жақты күнделік»
Оқулық мәтінімен, қосымша мәтінмен жұмыс

Қазақстанның ішкі — сыртқы саясатының басты мәселесінің бірі Діндердің бейбіт қатар өмір сүруідінаралық диалог дінаралық қатынастағы толеранттылық.
Қазіргі толеранттылық түсінігі 1789 жылы Францияда өткен құрылтайшылар жиналысындағы «Азаматтар мен адам құқығы декларациясында» көтерілген идея негізінде ағарту дәуірінің ойшылдарының көмегімен мақұлданған болатын. Бұл құжат сөз және ой бостандығын жария еткен алғашқы құжат саналды. 1995 жылы БҰҰ — ның Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы толеранттылық жалпы құндылықтар мен сыйластық негізін қалаушы және әлемдегі түрлі діндер, мәдениеттерді дұрыс қабылдай білу ретінде танылған «Төзімділік ұстанымдарының декларациясын» қабылдады. «Философиялық сөздікте»: «Толеранттылық – өзге көзқарас, әдет, өнеге, ғұрыптарға төзімділік таныту. Толеранттылық түрлі халықтар мен ұлттар және діндер арасындағы қатынаста өте қажет. ол өз — өзіне сенімділік белгісі және өз ұстанымының сенімді түсінігі, басқа пікірлермен салыстыруға қорықпайтын және рухани бәсекелестіктен қашпайтын барлық идеялар үшін ашықтық белгісі» «Толеранттылық» термині ұстамдылық, сыйластық және әдептілік, түсіне және кешіре білуді өз бойына сіңіре алғандықтан кең мағынаға ие. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Діні күшті елдің іргесі берік», «Дін достыққа, бірлікке, болашаққа бағыттайды», «Ислам ізгілік ұрығын себеді»

18 Қазан — Рухани келісім күні: Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!