Медиасауат: қоғам блогерлер мен инфлюенсерлерге сенбейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ирандағы соғыс операциясы 2-3 аптада аяқталады – Трамп

Ирандағы соғыс операциясы 2-3 аптада аяқталады – Трамп
Фото: АР

Дональд Трамп Ирандағы операция алдағы 2–3 аптада аяқталатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, негізгі мақсат орындалған — Иран енді ядролық қару жасай алмайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Трамп сондай-ақ елде билік ауысқанын айтып, қазіргі басшылықты «бұрынғыдан әлдеқайда байсалды» деп сипаттады. Ол бұл өзгеріс бастапқы мақсат болмағанын, басты міндет тек ядролық қауіптің алдын алу екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Израиль қорғаныс армиясы Иранға қарсы операция барысында 800-ден астам әуе соққысы жасалып, шамамен 16 мың оқ-дәрі қолданылғанын хабарлады.

Ал Иран тарапынан Кувейт әуежайына соққы жасалғаны айтылып, нәтижесінде авиаотын қоймалары өртенген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.