Азат Перуашев "Ақ жолдан" кетті...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Смайлов сынады, Такиев түсіндірді: бюджетке түспеген 335 миллиард теңге үшін кім жауапты?

Смайлов сынады, Такиев түсіндірді: бюджетке түспеген 335 миллиард теңге үшін кім жауапты?
Фото: AI көмегімен жасалған.

Біз бұғанға дейін ел экономикасының кейінгі екі-үш жылда қарқынды өсім көрсетіп отырғанын жазғанбыз. Өкінішке қарай, жалпы экономикалық даму туралы есептер мен нақты жағдайдың арасындағы көрсеткіштердің бір-бірімен қабыспайтыны байқалып отыр.

Шынымен де ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылы елдің жалпы ішкі өнімі болжанған көрсеткіштен 9 триллион теңгеге жоғары қалыптасқаны көрінеді. Бұл өсім мемлекеттік қазынаның да толығуына оң әсер етуі тиіс болатын. Алайда, ситуация басқаша болып шықты. Таратып айтсақ, 

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов күтпеген мәлімдеме жасап, республикалық бюджеттке түсетін кірістің толық орындалмағанына қынжылыс білдіреді.

- Жалпы ішкі өнімнің жоғары үлесінің аясында экономиканың күткеннен жоғары өсуіне қарамастан, республикалық бюджетке 335 миллиард теңге көлемінде кіріс түспеген. Бұған бюджетті жоспарлау кезіндегі кемшіліктер мен салықтық түсімдерге қатысты шамадан тыс оптимистік болжамдар себеп болған, - дейді өз сөзінде Жоғарғы аудиторлық палата басшысы.

Яғни, бұл мәлімдеме мемлекеттік қаржы жүйесіндегі маңызды қайшылықты тағы да күн тәртібіне шығарды. Өйткені, "экономика өсім көрсетіп отырған жағдайда бюджет неге жоспарды орындай алмайды?" деген сауал өткір әрі қызықты болатыны сөзсіз.

Бақсақ, бұл жердегі мәселенің бір ұшы ЖІӨ құрылымында жатыр екен. Қағида бойынша, экономикалық өсімнің өзі бюджет кірісінің автоматты түрде артуын білдірмейді. Кей жағдайда өсім мұнай бағасының көтерілуі, шикізат экспортының артуы немесе инвестициялық белсенділіктің күшеюі есебінен қалыптасады. Бірақ, бұл секторлардың барлығы дерлік бюджетке бірдей көлемде салық төлемейді.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда соңғы жылдары экономикалық өсім көрсеткіштері мен нақты салық түсімдерінің арасындағы алшақтық жиілеп келеді. Кейбір салаларда өндіріс көлемі өссе де, әртүрлі жеңілдіктер мен преференциялар нәтижесінде бюджетке түсетін салық көлемі күткендей болмай отырған көрінеді.

Тағы бір мәселе көлеңкелі экономиканың күшеюіне барып тіреледі. Әртүрлі халықаралық бағалаулар бойынша, Қазақстандағы бейресми экономиканың үлесі әлі де айтарлықтай жоғары. Ресми есепке кірмейтін қаржы айналымы бюджетке түсуі тиіс миллиардтаған теңгенің сыртта қалуына әсер етеді-мыс.

Сонымен қатар мемлекеттік шығыстар көлемі де жылдан-жылға артып келеді. Әлеуметтік міндеттемелер, инфрақұрылымдық жобалар, өңірлерді қолдау және түрлі мемлекеттік бағдарламалар бюджетке қосымша салмақ түсіруде. Соның салдарынан кіріс өскеннің өзінде тапшылық мәселесі толық шешілмей отыр.

Дегенмен, еліміздің Қаржы министрлігі бұл жағдайға басқа қырынан қарайтын сияқты. Мәселен, Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, республикалық бюджет кірістері өсіп келеді екен. Былтыр түсім көлемі 21,4 триллион теңгеге жеткен. Бұл Үкіметтің экономиканы әртараптандыру, өндірісті ұлғайту және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру арқылы бюджет тұрақтылығын күшейтуге жұмсаған ерік-жігерінің нәтижесі деген пайым бар.

Алайда, Бас аудитор Әлихан Смайлов мәселенің түпкі себебі экономиканың өсу қарқынында емес, жоспарлау сапасында екенін меңзеп отырғанын ұмытпауымызкерек. Құзырлы органның есебінше, егер болжамдар шынайы жағдайға сәйкес келмесе, кейін бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қор қаражатына немесе қосымша қарыз алуға жүгінуге тура келеді екен.

Жалпы, кейінгі жылдары Ұлттық қордан алынатын трансферттер көлемін қысқарту туралы жиі айтылғанымен, бюджет әлі де қор қаражатына тәуелді күйінде қалып отыр. Сарапшылардың пікірінше, ұзақ мерзімді тұрақтылық үшін бюджет кірістерін болжау әдістерін жетілдірумен қатар, салық базасын кеңейту, көлеңкелі экономиканы азайту және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру қажет.

Қысқасы, Смайыловтың сыны мен Қаржы министрлігінің оптимистік бағалауы бір-біріне қарама-қайшы көрінгенімен, шын мәнінде олар бір мәселенің екі жағын көрсетеді. Бірі экономикалық өсімнің бар екенін айтады, екіншісі сол өсімнің мемлекеттік қазынаға толық пайда әкелмей отырғанын ескертеді.

Сондықтан да қазіргі Қазақстандағы басты мәселе жалпы ішкі өнім көлемінің қанша пайызға өскенінде емес, сол өсімнің халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттік қаржы айналымының тұрақтылығына қаншалықты нақты әсер етіп жатқанында болып отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.