Цифрландыру циклі: елдегі шағын және орта бизнес көш басында
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Цифрландыру циклі: елдегі шағын және орта бизнес көш басында

Цифрландыру циклі:  елдегі шағын және орта бизнес көш басында
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Mastercard компаниясының "SME Confidence Index - 2026" зерттеуіне сәйкес, Қазақстан шағын және орта бизнестің төлемдерін цифрландыру деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылыққа қол жеткізді. Бұл туралы povestka телеграмм арнасы жариялады.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің онлайн төлемдерді пайдалану деңгейі 85 пайызға жеткен. Кәсіпорындардың 47 пайызы негізінен қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайды. Сонымен қатар, компаниялардың жартысынан астамы сатып алушы офлайн және онлайн арналар арқылы қатар әрекеттесе алатын омниканалды модельге көшкен.

Жалпы, кәсіпкерлердің алдағы жылға деген сенімі де жоғары екен. Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 50 пайызы алдағы бір жылдың перспективасын оң бағалайды, ал 47 пайызы кірістерінің одан әрі өсетініне сенеді. Зерттеуде атап өтілгендей, бұл күтулердің нақты негізі бар. Өйткені, елдегі шағын және орта бизнес компанияларының түсімі 2025 жылы 46 пайызға өскен.

- Қазақстан бүгінгі таңда өңірдегі ең технологиялық нарықтардың бірі. Шағын және орта бизнестің онлайн төлемдерді кеңінен пайдалануы кәсіпкерлердің жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге дайын екенін көрсетеді. Дамудың келесі кезеңі енді төлемдерді цифрландырудан гөрі адами капиталды дамытуға, бизнестің тиімділігін арттыруға және заманауи қаржы құралдарын енгізуге байланысты, – дейді Mastercard компаниясыың Қазақстан және Орталық Азиядағы бас директоры Санжар Жамалов.

Зерттеуге сәйкес, ШОБ компанияларының 65 пайызы қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыруды бизнесті одан әрі дамытудың ең перспективалы бағыты деп санайды. Осылайша, адами капиталға инвестиция салу кәсіпкерлер үшін стратегиялық басымдыққа айналып келеді.

Зерттеу авторларының пікірінше, Қазақстанның шағын және орта бизнесінде тиімділікті арттыруға әлі де айтарлықтай мүмкіндік бар.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.