DataHUB: тұрғындардың табысы өскенімен, тұрмысы төмендеген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстанда күйеуінен қорлық көрген келіншек ауруханада көз жұмды

Қырғызстанда күйеуінен қорлық көрген келіншек ауруханада көз жұмды
Фото: Alash.kz

Қырғызстанның Ош облысында күйеуінен соққы көрді деген күдікке ілінген 37 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ош облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 1989 жылы туған Н.Г. 17 тамызда басы, беті және денесінің өзге де бөліктерінен жарақат алып, Қара-Құлжа аудандық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша, әйелді 48 жастағы күйеуі ұрған болуы мүмкін.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің денесіндегі жарақаттар көрсетілген видео тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған.

Алғашында іс Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша тіркелген. 29 тамызда дәрігерлер әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

Қазір оның өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғанша әйелдің өліміне күйеуінің әрекеті себеп болғаны ресми расталған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.