Brent $95 +: Мұнайдың күрт қымбаттауы Қазақстанға пайдалы ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Brent $95 +: Мұнайдың күрт қымбаттауы Қазақстанға пайдалы ма?

Brent $95 +: Мұнайдың күрт қымбаттауы Қазақстанға пайдалы ма?
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы кешегі күні 95 АҚШ долларына жеткен болатын. Ал бүгінгі саудадағы бір баррелдің құны 95,5–95,9 доллар деңгейіне жетті деген ақпарат бар.

Жалпы, қара алтын құнының өсімі АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың қайта күшеюі және Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының үзілу қаупімен байланысты болып отыр.

Ал Қазақстан үшін мұнай бағасының көтерілуі ең алдымен экспорттық түсімнің және бюджет кірістерінің өсуіне мүмкіндік береді. 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте мұнай бағасы 60 доллар деңгейінде есепке алынған. Ұлттық қордан бюджетке жыл сайын 2,77 трлн теңге кепілдендірілген трансферт қарастырылған.

Сондықтан Brent маркалы мұнайдың әр баррелі 95 доллар маңында ұзақ сақталуы мұнай секторынан түсетін салықтар мен Ұлттық қорға түсімдерді арттыруы мүмкін. Яғги, мұнай экспортының валюталық түсімі көбейсе, бұл теңгенің бағамына да қолдау көрсетуі ықтимал.

Алайда, мұнайдың қазіргі қымбаттауы экономикалық сұраныстың өсуінен емес, геосаяси тәуекелден туындап отыр. Сондықтан оның кері әсері де бар екен. Себебі, энергия мен тасымал шығындарының өсуі әлемдік инфляцияны күшейтіп, Қазақстандағы импорт бағасына қысым жасауы мүмкін.

Қысқасы, бүгінгі саудадағы 95 долларға жеткен мұнай бағасы Қазақстан үшін қысқа мерзімде экспорт пен бюджетке қолайлы фактор. Бірақ, негізгі мәселе бағаның осы деңгейде қанша уақыт сақталатынында болып отыр. Егер жоғары баға тұрақты сипат алса, оның экономикаға әсері де айқынырақ болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.