Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр "Бәйтерек" ұлттық холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Оның орнына Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев кірді. Бұл туралы KASE-де жарияланған деректерден белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.
"Бәйтеректің" жалғыз акционері Склярды директорлар кеңесінен шығару туралы шешімді 2026 жылғы 15 мамырда қабылдаған. Айта кетейік, Роман Скляр 5 мамырда Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді.
Нұрлыбек Нәлібаев үкіметке келгенге дейін мұнай-газ саласында еңбек етіп, мұнай өнімдері саудасымен айналысқан. Мемлекеттік қызметке ол 2005 жылы келген. Содан бері Нәлібаев Шиелі ауданын басқарды, Қызылорда қаласының әкімі болды, кейін Қызылорда облысына жетекшілік етті. 2026 жылғы 6 мамырда ол Роман Склярдың орнына Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал Скляр Президент Әкімшілігін басқаруға ауысты.
Енгізілген өзгерістерден кейін холдингтің директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады. Нәлібаевтан бөлек, оның құрамында Олжас Бектенов, Серік Жұманғарин, Нұрлан Байбазаров, Мәди Тәкиев, Ерсайын Нағаспаев, Рустам Қарағойшин, Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар және Норберт Манфред Грундке бар.