Күлкіге бүркенген өлім: Қос министрлік әрекетсіз, ал жастар «ажал газына» тұншығуда!
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Тірідей көміп кеткен”: Алматыда ер адамды әріптестері таспен ұрып өлтірді

“Тірідей көміп кеткен”: Алматыда ер адамды әріптестері таспен ұрып өлтірді
Фото: stan.kz

Алматы облысының Ұйғыр ауданында адам өліміне қатысты ауыр қылмыс фактісі тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 мамыр күні демалыс орындарының бірінде бірге жұмыс істейтін азаматтар арасында ішімдік ішу барысында жанжал шыққан. Тергеу нұсқасы бойынша, кикілжің кезінде 29 жастағы ер адам қатты соққыға ұшырап, көз жұмған.

Күдіктілер қылмыстың ізін жасыру мақсатында марқұмның мәйітін жерге көмген. Денесі бірнеше күннен кейін ғана табылған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру және қылмысты жасыру баптарымен қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.