Әділет министрлігі "Әділет" партиясын ресми тіркеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әділет министрлігі "Әділет" партиясын ресми тіркеді

Әділет министрлігі  "Әділет" партиясын ресми тіркеді
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы "Әділет" партиясы саяси бюросының мүшесі, саясаттанушы Марат Шибутов хабарлады.

Енді ресми тіркеуден өткеннен кейін партия толыққанды жұмысын кең көлемде жүргізіп, алдағы сайлау науқандарына белсенді түрде дайындала бастамашы.

- Ресми тіркеу біздің партияны саясаттағы толыққанды ойыншыға айналдырады, енді біз өз мақсаттарымызды толық жүзеге асыра аламыз. Бұл - біз үшін үлкен қадам. Ал ел үшін бұл саяси бәсекенің артуы, амбициясы бар адамдар үшін әлеуметтік лифт және саясаттағы жаңару, – дейді саясаттанушы Марат Шибутов.

Еске сала кетейік, сәуір айының ортасында 16 адамнан тұратын бастамашыл топ жаңа партия құру туралы өтінішті Әділет министрлігіне тапсырған болатын. Құрылтайшылар қатарында Марат Шибутов, "Әділ сөз" қоғамдық қорының президенті Карлыгаш Жаманкұлова, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Forbes тізіміндегі бизнесмен Андрей Лаврентьев және тағы басқалар бар екені айтылған.

Ал 7-мамырда Астанада партияның құрылтай съезі өтіп, жаңа саяси ұйымның төрағасы болып Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай сайланған болатын. Мұнан бөлек, партияның саяси кеңесіне 40 адам кірген. Ол тізімде Динара Закиева, Карлыгаш Жаманқұлова, Марат Шибутов, Андрей Лаврентьев, бұрынғы цифрлық даму министрі, қазіргі "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы, кәсіпкер Геннадий Зенченко, ҚР Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева сияқты адамдар бар.

Сондай-ақ, саяси кеңестің бюросына 13 адам кірді, олардың қатарында Айбек Дәдебай, Қарлығаш Жаманқұлова, Динара Закиева, Марат Шибутов, Рауан Кенжеханұлы, Бағдат Мусин және басқалардың аттары аталды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.