Саяси қуғын-сүргін сюжеті: қызыл террордан қашып құтылған адам
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Шайдоровтың жеңісі – елдің жеңісі емес": Танымал жазушы ел күтпеген пікірді айтты (ВИДЕО)

"Шайдоровтың жеңісі – елдің жеңісі емес": Танымал жазушы ел күтпеген пікірді айтты (ВИДЕО)
Gregory Shamus/International Skating Union via Getty Images. Суретте: Михаил Шайдоров

Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанған Михаил Шайдоровтың алтын медалі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде спортшының жеңісіне қатысты түрлі пікір айтылуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазушы Қанат Тілеухан Instagram парақшасында осы мәселеге қатысты ойын білдірді. Ол Шайдоровтың жетістігін мемлекетпен тікелей байланыстырып, оны мемлекеттік жүйенің жеңісі ретінде көрсетуге қарсы екенін жазды.

"Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы алтыны – елдің жеңісі емес, Үкіметтің жетістігі емес. Әдетте біздің спортшылар Олимпиада шыңын бағындырып жатса, ұлттың ұлы жеңісі немесе Үкіметтің жетістігі деп қабылдайды. Ал меніңше, бұл адамның жеке талантын еңбекпен шыңдап шыққан жеке меншік жеңісі. Михаил Шайдоровты қазір көп адам құттықтап жатыр. Ал бұған дейін оның есімін көп адам білмеді, тіпті мен де білген жоқпын... Ол өзі кішкентайынан осы спорт түрін таңдады және осы бағытта кәсіби дайындалып, міне бүгінде тарихи жеңіске жетті. Біз осындай бір спортшылардың жеңісін өзімізге меншіктеп, өзіміз иеленіп алғымыз келеді. Бірақ ешкім де бұл жеңіспен ортақтаспауы керек. Қуанышын бөлісуімізге болады. Сіз қалай ойлайсыз?" – деді жазушы Қанат Тілеухан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер