Саяси қуғын-сүргін сюжеті: қызыл террордан қашып құтылған адам
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы трагедия: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты ел естімеген дерек шықты

Атыраудағы трагедия: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты ел естімеген дерек шықты
ашық дереккөзден

Атыраудағы қоғам назарын аударған іс бойынша Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптаманың алғашқы нәтижелері белгілі болды. Мамандар оның психикалық жай-күйіне толық әрі нақты баға беру үшін қосымша бақылау мен тереңдетілген диагностика қажет деген қорытындыға келген, деп хабарлайды kznews.kz.

Сараптама қорытындысында Ақбаян Мұқанғалиеваның психикалық жағдайына қатысты түпкілікті шешім әзірге қабылданбағаны айтылған. Дәрігерлер нақты қорытынды жасау үшін қосымша медициналық тексерулер жүргізу қажет екенін көрсеткен.

Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы сот сараптамасы институтына стационарлық кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптамадан өту үшін жіберілген еді. Кейін оның Атырауға қайта жеткізіліп, облыстық психиатриялық орталықта бақылауда болғаны хабарланды.

Сонымен қатар Атырау облысы прокуратурасының өкілдері Мұқанғалиеваның туыстарының өліміне тікелей қатысы дәлелденбегенін мәлімдеген. Осыған байланысты оған қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылған.

Дегенмен «қылмыс туралы хабарламау» дерегі бойынша бөлек іс қаралып жатыр. Бұл бағыттағы тергеу әрекеттері заң аясында жалғасуда.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер