Күлкіге бүркенген өлім: Қос министрлік әрекетсіз, ал жастар «ажал газына» тұншығуда!
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Озат оқушылар Президент резиденциясында қонақ болды

Озат оқушылар Президент резиденциясында қонақ болды
Фото: aqorda.kz

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы араладыдеп хабарлайды kznews.kz.  Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты. 

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды. 

Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.