Күлкіге бүркенген өлім: Қос министрлік әрекетсіз, ал жастар «ажал газына» тұншығуда!
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"9 рет аборт жасаттым": Гүлзира Айдарбекова ел естімеген құпиясын жайып салды (ВИДЕО)

"9 рет аборт жасаттым": Гүлзира Айдарбекова ел естімеген құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
ozgeris.info

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова көпшілік біле бермейтін ауыр кезеңі туралы айтты. Оның сөзінше, Қайрат Нұртасты дүниеге әкелгеннен кейін бірнеше рет құрсақ көтергенімен, 9 сәбиі шетінеп кеткені, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Продюсер мұндай жағдайдың алғаш рет ағасының қайтыс болғанын естіген кезде болғанын жеткізді. Ол кезде ұялы телефон болмағандықтан, Түркістанға хабарласып, ағасын іздеген. Алайда телефон тұтқасын көтерген адам бірден оның ағасының өмірден өткенін айтқан.

"Іште баланы шетінеп кетті дейді ғой. Ағам қайтыс болған кезде Түркістанға телефон соқтым. Сөйтсем досының үйінде екен. Досының үйіне телефон соқсам орыс жеңгесі бар еді сол телефонды алды. Бірден "сіздің ағаңыз қайтыс болды" деді. Тіпті кім деп сұрамағанмын. Әр ағам көз алдыма елестейді, қайсысы екенін білмеймін. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Қатты уайымдағаннан, жаман хабар естігеннен ішімдегі балам шетінеп кетті. Оны алып тастағаннан кейін қайта-қайта көтеремін, қайта-қайта түсіп қалады. Ол кезде жатырдың ойнамалы болып қалатынын білмегенмін. Сонымен бірден 6 сәби шетінеп кетті. Кейін бір орыс әйел "6 айдан 1 жылға дейін демал. Жатырың ойнамалы болып қалған" деді. Содан кейін Аянды көтердім. Аяннан кейін тағы да 3 аборт болды", – деді ол. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер