Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов бюджет қаржысына отандық өнімді сатып алуды талап етті

Бектенов бюджет қаржысына отандық өнімді сатып алуды талап етті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар кезінде қазақстандық өнімдерге басымдық беру керектігін айтты. Оның сөзінше, бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін компания да, сол қаржыға сатып алынатын тауарлар мен материалдар да отандық болуы керек, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Қазақстанда өндірілетін тауарлардың орнына импорттық өнім сатып алу мемлекеттің мүддесіне қайшы әрекет екенін айтты.

«Жалпы қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек, ол ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз оны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді айту керек. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, ескеріңіздер», – деді Олжас Бектенов.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі