Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның IT-компаниялары шетелге 1,1 млрд доллардың қызметін сатты

Қазақстанның IT-компаниялары шетелге 1,1 млрд доллардың қызметін сатты
ашық дереккөз

Екі жыл ішінде Қазақстанның IT-қызметтер экспорты екі еседен астам өсіп, 1$1,1 млрд-тан асты. Оның жартысынан астамын Astana Hub резиденттері қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Биыл тоғыз айда резиденттер 317 млрд теңгеге экспорт жасады. Бұл – шикізат емес экспорт және жаңа жұмыс орындары. Яғни нақты нәтиже. Стартап әр кезеңде қолдау алады: акселерация, қаржы, шетел нарығына шығу», - деді Ростислав Коняшкин.

Astana Hub өңірлік IT-экожүйені дамыту бағытында жұмыс жүргізуде. Бүгінде Қазақстанда 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. Олардың базасында 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілген.

Қазақстан халықаралық инфрақұрылымды да кеңейтіп келеді. Қазіргі таңда АҚШ, Қытай, БАӘ және Малайзияда төрт IT-хаб жұмыс істейді. Олардың бағдарламаларынан 61 қазақстандық стартап өтті. Ал 20 қарашада Ұлыбританияда бесінші IT-хабтың ашылуы жоспарланған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Халықаралық хабтар сыртқы нарықтарға шығу функциясын орындайтынын, әлемдік сараптамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін және сол арқылы отандық IT-компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі