Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Toyota жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Toyota жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Жол апаты 17 қарашаға қараған түні сағат 00:40 шамасында Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрлардан соқтығысқан көліктер мен оқиға орнына келген жедел қызмет мамандарын көруге болады, деп хабарлайды kznews.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қиылыста өрт сөндіру қызметінің арнайы көлігі мен Toyota Camry соқтығысқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт сөндіру көлігі шақыртуға арнайы жарық белгілерін қосып бара жатқан. Кейін көше қиылысынан өтіп бара жатқанда жеңіл көлікпен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан оқиға орнында көз жұмды. Ал өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Адам өліміне әкелген жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайы мен апаттың нақты себебін анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жолаушылар автобусы жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен еді. Оқиға 28қазанда Байтұрсынов көшесінде болып, автобустың күрт тежелуі салдарынан қоғамдық көліктегі үш жолаушы да жарақат алды. Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілген.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.