Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті

Студент өлімі: ҚазҰУ-дың проректоры мен декан жұмысынан кетті
Фото: ҚазҰУ Баспасөз қызметі

Кеше Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде оқыған бірінші курс студенті мерт болғаны белгілі болды. Бүгін ЖОО басшылығы студент өліміне байланысты мәлімдеме жасады.

Университет баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдайға байланысты ЖОО басшылығы тарапынан шұғыл шаралар қабылданған, деп хабарлайды kznews.kz

Атап айтқанда, жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмағаны үшін Басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор, сондай-ақ география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы лауазымдарынан босатылған.

Одан бөлек жатақханада сол күні кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетілген. Қазір олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

- Болған оқиға – университет қауымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Студентіміздің қазасы қабырғамызды қайыстырды. Университет отбасымен байланыста және қажетті қолдау көрсетуге әрдайым дайын, - деп хабарлады университеттен.

Сондай-ақ қазір барлық жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіби психологиялық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар енгізілгені атап өтілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл оқиғаға қатысты ешқандай деректі жасырмайтынын, құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеуге көмек көрсетіп жатқанын және істің әділ, ашық өтуіне тікелей мүдделі екенін мәлімдеді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.