Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
Фото: ашық дереккөз

Оның тікелей эфирі facebook-тегі ресми парақшасында трансляцияланды.

Бүгін, 17 қараша күні Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух тікелей эфир кезінде өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz

Қазір бұл елде Таван – Толгой – Гашуунсухайт теміржол құрылысына қатысты үлкен дау туды. Яғни, осы теміржолды салу үшін билік құпия тендер өткізіп, 110 млн доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отырн.

Сондықтан кеше, 16 қараша күні елдегі оппозиция президент пен осы айып тағылып отырған өзге де шенеуніктердің отставкасын талап еткен.

Бүгінгі тікелей эфир кезінде президент ары таза екенін мәлімдем, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеймін деді.

«Бұл айыптың бәрі жалған  екенін дәлелдеу үшін мен қызметімнен кетіп, өзімнің ар-намысымның таза екенін дәлелдеймін», - деді Ухнаагийн Хурэлсух.

Президент тергеумен де ынтымақтастық орнатып, параға қатысты айыпты жоққа шығармақ.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.