Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тағы бір студент қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды

Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында жаңа волейбол және баскетбол алаңдары ашылды.

Спорт нысандары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен салынды. Компания жобаны жүзеге асыруға 20 млн теңгеге жуық қаражат бөлді, деп хабарлайды kznews.kz

Спорт алаңдары С. Естемесов атындағы орта мектептің аумағында орналасқан. Олар тек оқушыларға ғана емес, ауыл тұрғындарына да арналған. Оқу уақытында мұнда дене шынықтыру сабағы өткізілсе, сабақтан тыс уақытта ауыл тұрғындары спортпен шұғылданып, бос уақытын белсенді өткізе алады.

Көкқайнар ауылының тұрғындары спорт алаңдарының салынуын көптен күткен еді. Енді ауыл балалары мен жастары ешқайда бармай-ақ, заман талабына сай жабдықталған алаңдарда волейбол және баскетбол ойнайды.

Жоба аясында алаңдардың негізі дайындалып, арнайы жабын төселді, спорттық жабдықтар орнатылып, айналасы абаттандырылды. Құрылыс жұмысы толық аяқталды.

Жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігі арасында жасалған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Ауылдық елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамыту бұқаралық спорттың кеңінен таралуына ықпал етіп, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Қазақмыс үшін мұндай жобаларды жүзеге асыру – өзі қызмет ететін өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.