Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?

Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
Фото: AI көмегімен жасалған.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, осы жылдың I-тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының негізгі қызметі бойынша жұмсалған қаржы көлемі 905 млрд теңгені құрады.

Қаржыландыру құрылымына үңілсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының үлесі басым екені байқалады. Осы кезеңде МӘМС бойынша көрсетілген қызмет көлемі жалпы қаржының 48,6 пайызын құраған. Ал сала бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру үлесі 22,4 пайыз болса, көрсетілген қызмет үшін халық есебінен төленген қаржы 20,7 пайызға жеткен. Мұнан бөлек, медициналық сақтандыру мен әлеуметтік көмекке жұмсалған кәсіпорын қаражаты 8,3 пайыз шамасында болды.

Жалпы, аталған қаржы ағыны негізінен стационарлық ауруханаларға бағытталған. Ауруханалар төленген қаржы жалпы көлемнің жартысына жуығын қалыптастырып, 450 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл жалпы шығынның 49,7 пайызы. 

Бұл деректер денсаулық сақтау жүйесінде қаржыландырудың негізгі драйвері ретінде сақтандыру тетігінің күшейіп келе жатқанын және халықтың тікелей төлем үлесінің әлі де айтарлықтай деңгейде сақталып отырғанын көрсетеді.

Екіншіден, ауруханаларға төленген қыруар қаржы ел тұрғындарының денсаулығына қатысты алаңдаушылық тудырады. Өйткені, жалпы әлеуметтік шығындардың жартысына жуығын иеленіп отырған емдеу орындарының қызметіне жүгінушілердің саны, ел ішіндегі әрбір үшінші адамның денсаулығына қатысты мәселенің бар екенін де білдіретіндей.

Үшіншіден, халық арасында емханалар мен ауруханалардың қаржы игеруге қатысты құйтырқылыққа жиі баратыны туралы әңгіме де басылған емес. Сондай-ақ, Жоғарғы аудиторлық палатаның тексеруі барысында медицина нысандарында алмаған ем мен қаралмаған дәрігер үшін жеке адамдардың келісімінсіз құжат толтырып, МӘМС ақшасын қисапсыз көлемде жұмсау фактілері анықталған болатын.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.