Астанада 2–3 тамыз күндері ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер қысқа мерзімді жаңбыр жауатынын болжағанымен, күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Синоптиктердің болжамынша, сенбі, 2 тамыз күні елордада күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі, түнде +21 градус шамасында болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5 метрге дейін жетіп, екпіні 9 м/с болуы ықтимал.
Жексенбі, 3 тамыз күні Астанада ауа райы сәл салқындайды. Күндіз +29 градус, түнде +19 градус болады деп күтіледі. Сондай-ақ жауын-шашын болжанып отыр. Жел бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы шамамен 5 м/с, екпіні 10 м/с-қа дейін күшейеді.
Жаңбыр жауғанына қарамастан, елордада ыстық ауа райы сақталады. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға сұйықтықты көбірек тұтынуға, күннің ыстық уақытында ұзақ жүрмеуге және сыртқа шыққанда қолшатыр алып жүруге кеңес береді.