Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Зейнел Әділеттің қайта шаңырақ көтергені белгілі болды. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада болған. Ұлдана Мырзуан шақыртуға бара жатқан кезде көпқабатты тұрғын үйдің қасбетінен кондиционердің сыртқы блогы құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, 18 қарашада жас фельдшер ауруханада көз жұмды.
Марқұмның жұбайы сол кезде әлеуметтік желіде жарына арнап бірнеше жазба жариялап, оның жарқын бейнесін еске алған. Сонымен қатар ол қайғылы оқиғаға кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп, тергеудің әділ жүргізілуін сұраған болатын.
Алайда арада сегіз ай өткен соң Зейнел Әділеттің қайта үйленгені белгілі болды. Бұл ақпарат қоғамда әртүрлі пікір туғызды. Бірі мұндай шешімге таңданысын білдіріп, қайғыдан кейінгі уақыттың аз болғанын айтса, енді бірі бұл адамның жеке өмірі екенін айтып, таңдауын құрметтеуге шақырды.
Әлеуметтік желілерде «Сегіз айда бәрі ұмытылды ма?», «Бақытты болсын» деген секілді қарама-қайшы пікірлер жарияланды.
Сондай-ақ желіде ер адамның жаңа жары туралы да түрлі ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталған жоқ.
Айта кетейік, Ұлдана Мырзуан мен Зейнел Әділет қайғылы оқиға болғанға дейін небәрі екі апта бұрын отау құрған еді. Кейін Зейнел Әділет бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында жарының адамгершілігі мен кәсібіне адалдығын айтып, оның есімі жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізген болатын.