65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбылда полиция басшысының орынбасары 300 мың теңге парамен ұсталды

Жамбылда полиция басшысының орынбасары 300 мың теңге парамен ұсталды
Ашық дереккөз

Жамбыл облысында Байзақ аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Сәрсенов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіге қылмыстық істі рақымшылыққа байланысты тоқтату үшін 300 мың теңгекөлемінде ақша берілген. Ақшаны адвокат А.Б. Жаманбаева жеткізгені айтылып отыр.

Ақша беру фактісі тіркелгеннен кейін Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі ("Пара алу") бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратқа сәйкес, пара беруші ретінде көрсетілген азамат Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру") бойынша тергеліп жатқан басқа қылмыстық істің фигурантының бірі.

Қазіргі уақытта адвокат Жаманбаеваның процестік мәртебесі белгісіз. Оған қандай да бір айып тағылғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Ол іс бойынша куәгер ретінде өтуі немесе тергеуге көмектесуі мүмкін.

Егер тергеу барысында адвокаттың заңсыз сыйақыны беруге қасақана қатысқаны анықталса, оның әрекетіне Қылмыстық кодекстің 368-бабы ("Парақорлыққа делдал болу") немесе істің мән-жайына қарай 367-бабы ("Пара беру") бойынша құқықтық баға берілуі мүмкін.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жариялаған жоқ.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.